Ағымдағы жылдың 31 қазан – 4 қараша аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларын олимпиадаға дайындау мақсатында математика, физика, информатика, химия, биология, география пәндерінен 182 оқушы оқу-жаттығу сабақтарына қатысуда. Оқу-жаттығу сабақтары төмендегі мектеп базаларында өткіп жатыр. Атап айтсақ:
Математика пәні М.Тасова атындағы 3 тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп-интернаты;
Физика пәні- Қазығұрт ауданы мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернаты;
Информатика пәні-Шардара ауданы, М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты;
Химия пәні-Түлкібас ауданының 3 тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты;
Биология; пәні-мамандандырылған Кентау “Дарын” мектеп-интернаты;
География пәні- Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты.
182 оқушы оқу-жаттығу сабақтарына қатысуда
347 көрілім
