ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

437 көрілім

“Балалар жылы” аясында Түркістан облысы, Төлеби ауданының оқушылары түрлі деңгейдегі байқау жүлдегерлері мен жеңімпаздары атанып отыр. Мұның бір жарқын көрінісі – Төлеби аудандық балалар саз мектебінің оқушысы Самад Қалжігіттің «Өнерге қанат қаққандар» атты V халықаралық өнер байқауында І орынды жеңіп алуы. Алматы қаласында ұйымдастырылған аталмыш байқауда төлебилік оқушы вокал номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ал өнерпаз шәкіртті байқауға дайындаған педагог Темірғали Меңтай Құрмет грамотасымен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы