ҚҰМКЕНТТІКТЕР БОЛАШАҚҚА ЗОР ҮМІТПЕН ҚАРАЙДЫ

892 көрілім

Созақ ауданындағы Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары сәтті өтуде. Кездесуге келушілер саяси науқанның маңыздылығына қанық және болашаққа зор үмітпен қарайды.

Міне, осындай кезекті басқосу өңіріміздің Жамбыл облысымен іргелес орналасқан Құмкент ауылында өтті. Дүйім жұрттың тәу етер қасиетті мекені Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінің маңындағы елдімекеннің тұрғындары да қасиеттілігінен айнымағанын аңғартқандай. ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері, штаб мүшелерін жылы шыраймен қарсы алған құмкенттіктер аймақта орын алған мәселелерінің шешімін елдегі тыныштықпен байланыстырады.

Бұл жөнінде кездесу барысында сөз алған Созақ ауданының құрметті азаматты, ауыл қариясы Серікбай Байғұтиевтың әңгімесінен байқадық. Десе де жас келіп, балтыр сыздаған шақта елдімекендегі медициналық қызмет сапасы көңілдеріне қаяу түсіріп тұрғанын жасырмады. Ауыл тұрғындары асарлатып 7-8 төсек орынға арнап салған ауылдық аурухана бүгінде белгісіз себептермен бос тұр. Осы мәселені орталыққа жеткізсеңіздер деп ұсыныс жолдаған қария аталған түйіткіл оң шешімін тапса дейді.

Әдеттегідей көпшіліктің қасиетті мекеніне айналған шағын ауылда да Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі М.Дәулетов, «Аманат» партиясы Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Сағындық, «Аманат» партиясы Созақ аудандық филиалы, Құмкент ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Күзенбаев қатысып, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі Мәлік Жұмаханұлы ауыл азаматтарына кандидаттың сайлауалды бағдарламасын насихаттап, ондағы басым бағыттар бойынша мәлімет беріп, алдағы уақытта елімізде әлеуметтік саланың дамуына басымдық берілетіндігін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы