- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жиынға қонақ ретінде Түркістан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшы орынбасары Айдос Әділханұлы Қалтаев
және Түркістан облысы Соттар Әкімшісінің құрметті зейнеттегі Басшы орынбасары Найля Тұрланқызы Оразғалиева қатысты.
Облыстық сот төрағасы Тұрысбек Ерболғанұлы Мыятбеков іс-шараны ашу барысында жиналғандарды мерекемен құттықтап, 25-ші қазан Қазақстан үшін айшықты күндердің бірі екенін атап өтті. Бұл Қазақстан тарихындағы еліміздің құрылуы мен дамуы бастау алатын, әлем алдында дербестігімізді айқындаған күн.
Сонымен қатар бірлігімізді сақтап, іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Елімізде орнаған бейбіт өмір мен тұрақтылық – осының айқын айғағы, – деп атап өтті Т.Мыятбеков.
Жиналыс барысында мемлекеттік әнұран шырқалып, Түркістан облысы Соттар әкімшісінің құжат айналым бөлімінің маманы Н.Жекмурзаева мерекеге арналған баяндамасын жеткізді.
Сонымен қатар аудандық және оған теңестірілген соттарының кеңселеріне жаңадан тағайындалған сот қызметкерлері ресми түрде ант қабылдады
Осыдан соң судьялар мен сот мамандары ведомстволық медальдармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Және де осы мерекеге орай 21.10.2022 жылы өткізілген спартакиада нәтижелері жарияланып, өнер көрсеткен топтармен үздік ойыншылары марапатталды.
Қорытындыға сай, жалпы командалық ойындарда:
1 орынға – Түркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты, Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу соты, Түркістан облысының кәмілет жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты, Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызметкерлерінен құрылған топ ие болды.
2 рынға – Түркістан облыстық соты мен Түркістан облысының Соттар әкімшісінің қызметкерлерінен құрылған топ жайғасты.
орынға – Түркістан қалалық сотының қызметкерлерінен құрылған топ жайғасты.
3 орынға – Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік соты қызметкерлерінен құрылған команда ие болды.
Жиналыс барысында құрметті қонақтар А.Қалтаев пен Н.Оразғалиева, Соттар әкімшісінің басшысы Ж.Мақұлбаев, облыстық соттың алқа төрағасы Н.Биболов, облыстық соттың судьясы Н.Жұматаев, Сайрам аудандық сотының төрағасы Қ.Дүйсебеков айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.