Сауран ауданы көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылып келеді. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрамы бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, Сауран ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2022 жылға арналан жұмыс жоспары және Сауран ауданында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған ісшаралар жоспары бекітіліп, бірқатар тиісті жұмыстар атқарылды.
Халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыру, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ауданның және ауыл округтері аппраттарының ғимаратында «Service zone» (сервиз зон) (сервистік әкімдік) «Сервистік аймақ» жобасы іске асырылуда. «Сервистік аймақ» мемлекеттік билік институты ретінде қоғам өкілдерімен кері байланыс орнатып, олардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріп, ұсыныстарын алуға үлкен мүмкіндік туғызуда.
«Antilor.Live» және «Adal komek» жобасы аясында Сауран ауданы әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, атқарылған жұмыстарды баяндап, қойылған сұрақтарға жауап беруде.
Қазіргі таңда жаңадан құрылған Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің барлығында «Адалдық алаңы» бұрышы жұмыс жасауда. Сыбайлас жемқорлық – қоғамымыздың дерті десек болады. Тәрбие тал бесіктен дейді. Біздің жастарымыз еліміздің болашағы, болашақта бір-бір мемлекеттік қызметкер болатын азаматтар. Сондықтан да, болашақта сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту үшін жастармен де жұмыс жасау қажет. Қазақта «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген ұлағатты сөз бар. Міне, осы сөздің мағынасын шын түсіне білген адам, сыбайлас жемқорлыққа бармайды деп ойлаймын.
Қазірті таңда Сауран ауданында 170-ке жуық мемлекеттік қызметкер жұмыс істеуде. Еліміздегі жастар арасында да мемлекеттік қызметтікке деген қызушылық артуда. Жаңа ауданда бірнеше жас мемлекеттік қызметкетке орналасып, ант қабылдады. Сауран ауданы бойынша жергілікті басқару органдарының әдеп жөніндегі уәкілі ретінде мен мемлекеттік қызметкерлерге және мемлекеттік қызметке теңестерілген қызметкерлерге әдеп кодексін жиі түсіндіріп тұрамын. Осы уақытқа дейін аппарат қызметкерлерімен, дербес бөлімдермен, және ауылдық округтің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып келеді.
Мемлекеттік қызмет – үлкен жаупкершілік. Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлық стандарттары, жұмыс уақытында және жұмыс уақытынан тыс кездерде өзін-өзі қалай ұстау керектігі, халыққа қызмет көрсету барысындағы әдептілік, бәрі-бәрі, тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Осы қағидаларды сақтаған әр қызметкер мемлекеттік қызмет туралы оң пікір қалыптастырады. Мемлекеттік қызметкер – мемлекетіміздің айнасы десек те болады. Сондықтан да әр мемлекеттік қызметкерді әдеп кодексін сақтауға, мемлекеттік қызметкер атына кір келтірмеуге шақырамын.
Д.Құдияров,
Сауран ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің басшысы, Сауран ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі.