ЗАҢ ТӘРТІБІН КҮШЕЙТУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДА ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ

268 көрілім

Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты жолдауында жарияланған конституциялық реформа аясында да прокуратураға қатысты маңызды бастамалар айтылды.
Заң тәртібін күшейту және құқық қорғау қызметін ұдайы жетілдіру үшін «Прокуратура туралы» конституциялық заң қабылдау қажет екені атап өтілді.Тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды институционалды түрде нығайту мақсатында Бас Прокурорды азаматтар және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге Конституциялық сотқа өтініш субъектілері қатарына қосу ұсынылды. Азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу ісінде жүйелі ұстаным болуының маңыздылығын ескере мұндай істер бойынша прокуратура органдарының айрықша тергеулігін белгілеу көзделді. Бұл тергеудің бейтарап жүргізілуін қамтамасыз етіп, құқық қорғау саласындағы бассыздықты жазасыз қалдырмауға бағытталған.
Өткен республикалық референдумда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды. Енді тиісті заң жобалары жыл соңына дейін қабылдануы тиіс.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау функциясын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуды талап етеді.
Сондықтан «Прокуратура туралы» конституциялық заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді құралдар мен тетіктерді бекіту жоспарланып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы