КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

473 көрілім

Бүгін Түркістан қаласындағы Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің мәжіліс залында қалалық мәслихат депутаттары Тәжібек Мұсаев және Ақиқат Абдуллаевтың қатысуымен колледж студенттерімен кездесу өтті. Аталған жиын  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын арқау етті.

Осыған орай, қонақтар мен қатысушылар Жолдауда аталған бірнеше бағыттарды талқылады. Әсіресе, елімізде атап өтілген «Жастар жылы», «Балалар жылы» аясында жастарға басымдылық беру мәселелері сөз болды. «Жастар – біздің болашағымыз» деген тағылымды ту еткен іс-шара қонақтары алда өтетін саяси науқанда жастарды белсенді болуға, еліміздің болашағын, «Жаңа Қазақстанды» құруда аянбай тер төгуге насихаттады.

Жиын барысында жастар аталған Жолдау төңірегінде және сайлау науқаны туралы бірнеше сұрақтар қойды.

Ашық форматта өткен кездесу соңында қалалық мәслихат депутаттары колледж ұжымына, жастарға ризашылығын білдіріп, барша жерлестерді еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы