Ата-ана үшін ең ауыр жауапкершілік – ата-ана құқығынан айыру. Әр екінші отбасында болып жатқан мәселелер айналасында, оны заң жолында шешу бойынша керек кеңес айдарында ұсынамыз. Түркістан қаласында да өз құқығын дұрыс қолдана алмайтын ана да, әке де кездеседі. Ол қоғамдағы құқықытық сауаттылықтың бәсеңдегені. Бүгінде Түркістан қаласының полицейлері осы бағытта тұрғындармен жиі кездесіп, құқықтық сауаттылық жайында және құқық бұзушылықтың алдын алу және одан сақтану жолдарын көрсетуде.
Бұл бір немесе екі ата-ананың өз баласына қарсы заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілік. Бұл шараны екі жаққа да қолдануға болады: әкесі мен анасы. Бірақ олар көбінесе әкелердің ата-аналық құқығынан айырады. Егер әкесі баласының өміріне қатысуды доғарса, онымен кездескісі келмесе немесе оны сирек көретін болса, бірақ өз құқығынан бас тартқысы келмесе, анасы тиісті шараларды қолдана алады. Ата-ана құқығынан айыру – ата-ана мен оның биологиялық балалары арасындағы отбасылық қатынастардың толығымен үзілуі, заңда қарастырылған жағдайларда ата-ана құқығынан айырылған әке алдындағы барлық міндеттемелерінен айрылу:еңбек ету қабілетінен айрылған ата-аналарға қызмет көрсету,мұрагерлік құқығы (егер бала қайтыс болса),балалары бар азаматтарға берілетін әр түрлі жеңілдіктер мен жәрдемақыларды алу құқығы,балалардың тұрғылықты жеріне ықпал ету немесе бақылау құқығы.
Неке және отбасы туралы заңының 73 бабына сәйкес мынандай құқықтары мен мәндеттер ата-анасының мынандай: Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленедіКелiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртібі туралы сот шешiмi орындалмаған жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.Баласынан бөлек тұратын ата-ананың білім беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар.Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.