АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

298 көрілім

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев соңғы жылдары өз бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар аясында прокурордың адам құқығы мен бостандығын қорғау саласындағы рөліне ерекше мән беруде. Соның ішінде балал құқығын қорғаудың маңызы мен мәне ерекше. Осы жолда шаһар прокурорлары өнімді еңбек етіп, сөзден гөрі істің көп болғанын көрсетуде.

Кәмелетке толмаған балалар мен әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын адамдардың құқықтарын қорғау әрқашан ерекше назарда. Кейбір мысалдарға тоқтала кетсек, прокурорлық қадағалау актілері негізіндеқамқорлықсыз қалған 18 бала тұрғын үй кезегіне қойылды (кезегі қорғаншылық пен қамқоршылыққа алынған кезінен бастап белгіленген); мектептерде заңсыз сақталған адам денсаулығына қауіпті 2 мыңнан астам люминесценттік шамдар жойылып, 29 мың оқушы мен мектеп жұмыскерлерінің құқықтары қорғалды;«Түркістан Су» кәсіпорны мүгедектер санаттағы 88 тұтынушыға 1 380 000 теңге мөлшерде комуналдық қызметінің шығындарын өтеп бермегені анықталып, құқықтары қалпына келтірілді; тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылғанәлеуметтік осал топтағы 14 отбасы анықталып, қайтадан кезекке қойылды; халықты жұмыспен қамту орталығы “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасымен жұмысқа орналастырылған азаматтардың міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармағаны анықталып, 1684 жұмысшының құқықтары қалпына келтірілді.
Бұл мысалдар осы салада прокуратура қызметкерлері атқарған ауқымды жұмыстар мен қол жеткізген нәтижелердің тек бір бөлігі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы