Түркістан қаласының жаңа келбетін қалыптастыру арқылы оны тұтас түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру үшін ауқымды да қарқынды жұмыстар атқарылып жатқанына баршамыз куәміз. Осы бағытта қала прокуратурасыда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі нәтижелі қадағалау әрі үйлестіру қызметімен қаланың өркендеуіне елеулі ат салысып отыр деп айта аламын. Құқық бұзушылық профилактикасына жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын қадағалап үйлестіру, оның ішінде прокуратураның бастамасымен жасақталған «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде қала аумағында қылмыстар саны жылдан жылға төмендеуде.
Қылмыстық ахуалдың төмендеуіне «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасы аясындағы уәкілетті органдардың, әсіресе полицияның жұмысымен қатар төтенше жағдай мен карантиндік шаралар аясында енгізілген шектеулер де біршама ықпал еткені анық.
Дегенмен ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ алаяқтық және масаң күйде қылмыс жасаудың азаймауы алаңдатады. Әсіресе денсаулыққа ауыр зиян келтіру (2018ж. – 4, 2019ж. – 7, 2020ж. – 7, 2021ж. – 14, 2022ж. 5 айы – 10),балаларға қатысты жыныстық қылмыстардың (2018ж. – 5, 2019ж. – 7, 2020ж. – 7, 2021ж. – 8, 2022ж. 5 айы – 8) өскені байқалады.
Бұл алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға аса назар аударып, тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін одан әрі күшейту үшін атқарылатын жұмыстың көп екенін білдіреді.
Қазіргі жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.
Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың
сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез— құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс. Құқықтық тәрбие дегеніміз – бұл Құқықтық білім беру – нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу, заң нормаларын орындау: заң нормаларын бұзбау; заң күшіне сену және т. б. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға- құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады деп сенеміз. А. С. Макаренконың: «анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген пікірін ұмытпағанымыз жөн болар. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата– аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады.