ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГЕ КӨП БҰЗЫЛАД?

337 көрілім

Ағымдағы жылда отбасы-тұрмыстық қатынастарда жасалған 5 қылмыс тіркеліп, оның екеуі адам қазасымен ұштасқан. Облыс көлемінде отбасылық-тұрмыстық қатынаста Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабымен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 149 жәйт қаралып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Бұл санаттағы құқықбұзушылықтар бойынша жәбірленшулердің басым бөлігі әйелдер және жұмыссыздар болса, құқықбұзушылардың да негізгісі жұмысыз ер адамдар болып табылады. Жасалған тұрмыстық құқықбұзушылықтарды талдау көрсеткендей, негізінен отбасылық жанжалдар отбасының материалдық деңгейінің төмендігі, маскүнемдік, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және отбасы институтының жоғалуы салдарынан туындайды. Айта кетсек, көбінде отбасында орын алған құқықбұзушылықтар тараптардың татуласуына байланысты өндірістен қысқартылған. Тұрмыстық-отбасылық санатындағы құқықбұзушылықтар бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында, ақсақалдар, ауыл билері кеңестерінде және УПП (учаскелік полиция пунктері) жанындағы қоғамдық құрылымдарда қаралып, жұмыстар жасалуда.

Тағы бір өзектіі мәселе балалардың болашағы, амандығы, мен үшін ең маңыздысы. Осы бағытта айтарым, әрбір ата-ана өз баласының қайда, кіммен жүргенін, араласатын ортасын жақсы тануы тиіс. Бұл оның келешекте кемелденген азамат болып өсуіне өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, баланың жолда оқыс жағдайға тап болмауы үшін жол ережесін үйретіп, өзіміз үлгі болуымыз қажет.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы