Бүгінде Түркістан қаласының сақшылары қала тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың құқығын қорғау мақсатында түрлі жиындар мен кездеесулер ұйымдастыруда. Тәртіп сақшылары басты назарда жасөспірімдер мен балалардың құқығын алға ьартып отыр.
Құқықтық мемлекеттің теориясы заңның үстемдігі мен оның әлеуметтік өмірді реттеуші ретінде тануға негізделеді. Бұл рөл заңға жай ғана құрметтен гөрі маңыздырақ және жанжақты. Адамдардың заңға қатысты қатынасы қандай болса да, соңғысы олар үшін кез келген істің бастауы болып табылады. Бұл заңның түрлі құқықтық қатынастардың барлығына түрлі жағдайлар мен реттеу ережелерін қоятындықтан ғана емес, ол рұқсат береді және бермейді, осы арқылы «жалпы ойынның ережелерін» жасақтайды.
Қазақстандағы құқықтық жүйенің тиімсіз екендігін сауалнама сандары айтуда. Азаматтар өздерін заңмен қорғалған деп есептемейді. Сауалнамаға қатысқан әрбір 4-адам біздің елде құқықтар мүлдем сақталынбайды деп есептейді. 70% олар қашанда жүзеге асады деп есептемейді. Тек аз ғана бөлігі (4%) өздерін толықтай заңмен қорғалған деп есептейді. Тәуелсіздік жылдарында елдің өркениетті қызмет етуі үшін көптеген заңдар қабылданды, алайда оларды жүзеге асыру механизмі кешігуде, заңның алдында барлығы бірдей қағидасы сақталмауда.
Берілген зерттеулердің негізінде мына мәселені түсінуге болады, адамдардың құқықтық сауаттылығы мен олардың заңдарды білу қажеттілігі арасындағы белгілі бір тәуелділік. Күнделікті өмірде жиі тоғысқандықтан мазмұны көпшілікке жақсы белгілі заңдар бар және де мазмұны көпшілікке белгісіз заңдар да жоқ емес. Адамдар заңды неғұрлым нашар білсе, өздеріне кепіл етілген құқықтар мен мүмкіндіктер көлемін қолдана алмағандықтан қиын жағдайларда көмексіз қалады. Құқықтық сауаттылық деңгейі көтерілген сайын билік емес, заң қоғамды реттеуші күшке айналады.
Халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық ағарту қоғамның құқықтық мәдениеті мен санасын дамытуға мүмкіндік береді. Заңдар Конституциядағы мәселелерді түр-лі құқықтық реттеу салаларына қатысты нақтылайтын болғандықтан, бұл заңды құбылыс болып табылады. Конституция мен басқа да заңдардың адам құқығының кепілі ретіндегі эксперттік бағаның төмен болуы, құқыққа деген сенімнің жоқтығын көрсетеді. Конституция тиімділігін «орташа» деп тек әрбір төртінші адам, ал заңдарды мамандардың үштен бірі ғана бағалаған. Егер «төмен» және «ешқандай» бағаларын қосатын болсақ, екі жағдайда да 50% эксперт заңнаманың адам құқықтарын бұзуға байланысты күресті теріс бағалағандығын көреміз. Алынған мәліметтер қазақстандық қоғамда құқықтық еркіндік дәрежесінің төмендігін көрсетеді.
Құқық бұзушылықтың жоғарғы көрсеткіші құқықтық ригоризмнің жайылғандығын, көпшілік тұрғындардың қылмыспен күрес шараларының қаталдана түскендігін және өлім жазасының сақталғандығын қалайтындығын көрсеткен. Көптеген адамдар өз ортасындағы адамдардың құқықбұзушылық әрекеттерге немқұрайды қарайтындығы, жеке бастарының құқық талаптарына селқос қатынасы құқықтық бағыттардың тұрмыстық деңгейдегі сәйкессіздіктерін көрсетеді.
Алайда барлық жайтты тек құқықтық сананың төмендігімен түсіндіріп қана қоюға болмайды. Өйткені құқықтық сана психологиялық интеллектуалдық құбылыс ретінде нақты қолданыстағы заңнамалық норма мен категориялар негізінде қалыптасады. Егер бүгінгі таңда көптеген қазақстандықтар салық төлуден жалтарып отырса, оған заңнаманың үйлесімсіздігі, Салықтық кодекстің керағарлығы, салықтық салымның жоғарылығы себеп. Бұл мәліметтер симптомдық болып келеді, өйткені олар республикалық фискалдық және қаржылық жүйенің тиімсіздігін көрсетеді. Бұл мемлекет экономика саласында «ойын ережесін» қайта қарастыруы қажет екендігін көрсететін белгі болып табылады. Сондай-ақ салық салу мен несие беру заңнамалық негізін жетілдіру қажеттігіне нұсқауда. Халықтың құқықтық сана деңгейін көтеру үшін заңнамаларды жетілдіру қажет, көптеген әлеуметтік-экономикалық және моральдік-психологиялық сипаттағы кемшіліктерге нұсқау қажет.
Бүгінгі таңда биліктің барлық тармақтарын жергіліктіден жоғарғы құрылымдарын «ашық» ететін уақыт жетті. Ашықтық тек қоғамдық бақылау мен тәуелсіз баспаны қалыптастыру арқылы ғана жүзеге асады. Либералды, адам құ-қықтарын құрметтейтін саяси жүйе іскерлік сын практикасын, ақпаратпен еркін аламасуды кеңейтіп, бекітуі тиіс.
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің орнауы мен азаматтық қоғамға кедергі көптеген факторлар бар, олардың ішінде ең маңыздысы оның азаматтарының консервативті санасы болып келеді. Көптеген сауалнамалық зерттеулер көрсеткендей, Қазақстанның аға буынының өкілдері азаматтық қоғам құндылықтары мен құқықтық мемлекет құру және сәйкесінше жоғарғы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға оң көзқараста еместігін көрсетіп отыр.
Адамдардың санасының деңгейі әрекет белсенділігі, жеке меншік, азаматтық қоғам, кәсіпкерлік, таңдау еркіндігі секілді нарықтық жүйе атрибуттары, өмірге қанағаттанушылық, бүгінгіні бағалау, ертеңге үміт секілді әлеуметтік көңіл күй көріністері арқылы анықталды.
