Бүгін Түркістан қаласындағы Ақсақалдар алқасында Қазақстан арадагерлер ұйымының 35 жылдығына және 1 қазан Қарттар күніне орай мерекелік іс шара өткізілді. Түркістан қалалық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жұмаділла Кішібаевтың айтуынша, биылғы жылдың сегіз айында қоғамдық ұйым 640 тұрмысы төмен отбасыға киім-кешек үлестірді. 121 отбасыға жиырмаға жуық азық-түлік түрлерін таратты. Қазіргі таңда Түркістан қаласының дамуына барынша үлес қосып отырған ұйым мүшелері қаладағы тәртіп, тазалық, көгалдандыру жұмыстарына белсенді араласып келеді. Осыған орай ұйым төрағасы Жұмаділла Кішібаев 16 белсендіге «Ел құрметі» қоғамдық қорының атынан Түркістан қаласының «Құрметті ақсақалы» төсбелгісін табыс етті.
Өз кезегінде марапатталғандар қоғамдық жұмыстар ғана емес, алдағы саяси науқанға да белсене қатысып, елдің бірлігі мен ынтымағы жолында қызмет ете беруге ынталы екендіктерін жеткізді.
Ескендір ЕРТАЙ
