ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

279 көрілім

Мақтаарал ауданынындаРеспубликалық “Мектепке жол” науқандық акциясы аясында Мырзакент кентінің орталық алаңында 2022 жылғы 20-21 тамыз күндері мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілері мен сатушылары, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті заттарын сатушыларының қатысуымен аудан тұрғындары үшін жәрмеңке ұйымдастырылды.

        Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Жәрмеңкеге облысымыздың бірнеше кәсіпкерлері оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және т.б. 10-15 пайыздық жеңілдіктер ұсынып отыр. Ауданның оқушыларына қуаныш пен күлкі сыйлап отырған барлық кәсіпкерлерге шексіз алғысымызды білдіреміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы