КЕНТАУДА ШАРУАЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

672 көрілім

Кентау қаласында егін, бау-бақшадан бөлек мал шаруашылығы да қоса дамып келеді. Мал тұқымын асылдандыру арқылы етке деген сұранысты арттыруға болады. Сондықтан шаруа қожалықтарының басым бөлігі осы бағытта жұмыс істейді. Соның бірі – Қарнақ ауылдық округіндегі Сұлтанбек Тоқтамұраттың шаруақожалығы.

Сұлтанбектің қорасында тұрған сиырлардың салмағы алғашқыда 100-келі болған. Қазірде үш мезгіл жем шөбін беріп, қысқы мезгілге байлап дайындауда. Бапталған бордақылар етке дайындалған уақытта салмағы 220 келі береді.

Айта кетсек, алғашқыда шаруа кәсібін 3 сиырмен бастап, 25-ке жеткізген. Оның көбін сойып, етін Түркістан, Кентау қалаларына өткізеді. Алдағы уақытта қора салып, мал басын 40-қа жеткізуді көздеп отыр. Кәсіпкер мұндай жетістікке жету үшін мемлекеттен қаржылай көмек немесе несие алмаған.

Қарнақ ауылында бүгінде 10 мал бордақылау алаңы бар. Ауыл тұрғындарынан құралған қожалықтар 300-340 асыл тұқымды сиырлар әкеліп шаруашылықты дамытуда. Оларға мемлекет тарапынан асыл тұқымды сиыр басына субсидия беріледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы