Келес ауданында қарттар күні мерекесіне орай асыл қазынамыз саналатын аға буынға құрмет көрсетілуде. Қарттар күні мерекесі ХХ ғасырда пайда болған. Бұл – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн.Қарттар күніне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Құралбаева мамандарымен, тыл ардагерлері Қошқарата ауылдық округінің тұрғыны 101 жасқа келген Нанабекова Қатира, Ақтөбе ауыл округіндегі 103 жасқа келген Сейдахметова Махира, сонымен бірге жалғызілікті қарттарымыздың үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, иықтарына ақ орамал жауып, азық түлік себетін үлестірді.

– Үлкенді сыйлап, оларға құрмет көрсету – ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың орны біз үшін бөлек. Еліміздің өсіп-өркендеу жолында әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.

Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Ұрпақтарыңыздың қуанышына бөлене беріңіздер! – деді ГҚұралбаева.Айта кетейік, Келес ауданында 10 800 зейнеткер ардагерлер, 184 тыл ардагері тұрады.
