САЙРАМДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТУРНИР БАСТАЛДЫ

913 көрілім

Түркістан облысы, Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте ұлттық спортымыздың төресі саналатын қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 59-шы дәстүрлі турнирдің жалауы көтерілді. Тартысты додаға өңіріміздің барлық аймақтары мен қатар Шымкент қаласының балуандары қатысып, бас жүлдені сарапқа салуда.

Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған сайыстың ашылу салтанатында Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев бұл турнирдің қазақ күресін насихаттауда жастарға берер пайдасы мол екенін айтып, жарысқа қатысушы балуандарға сәттілік тіледі.

Жарыста сен тұр, мен атайын деген 120 балуан, 6 салмақ дәрежесінде боз кілем көркін қыздыруда. Сонымен қатар, түйе балуандар сайысы өтеді. Бұл бәсекеде бас жүлдеге қол жеткізгер балуан «Nexia» автокөлігінің иесі атанады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы