СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ КЕШЕГІСІ МЕН ЕРТЕҢІ КОНСТИТУЦИЯҒА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ

343 көрілім

Түркістан қалалық сотында сот жүйесінің кешегісі мен ертеңі конституцияға тікелей байланысты деген бағытта арнайы талқылау өтті. Осыған байланысты кездесу барысында бірқатар пікіралмасулар болған болатын. Осы жөнінде өзара пікірталастардағы ұтымды ой иелерінің жеткізген ұсыныстары осы жарияланымға арқау болып отыр. Екі ғасыр тоғысында қол жеткізген тәуелсіздігіміз елімізге түбегейлі өзгеріс әкелді. Қазақстан ең алдымен, бүгінгі әлемдік кеңістікпен үндестік тауып, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет деп танылды. Дала өркениетіне сай құрылған заң ережелері негізінде өз Ата Заңын қабылдады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы қабылданды. Алайда ол жүйелі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгеріске негіз болмады. 1995 жылы 30 тамызда референдумда жаңа Конституция қабылданды. Онда не өзгерді?

Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына бастау болар Ата Заңымызға өзгерістер енгізген референдум да өтті. Сот жүйесінің кешегісі мен ертеңі Конституцияға тікелей байланысты.

Біріншіден, Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет боп танылды. Екіншіден, мемлекеттік біртұтас билік – заң шығарушы, атқарушы және сот билігі боп үш тармаққа бөлінді. Үшіншіден, көппартиялық негіздегі саяси жүйе қалыптасты, парламентаризмнің негізі қаланып, қос палаталы Парламент дүниеге келді. Төртіншіден, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бөлімі енгізілді. Бесіншіден, сот жүйесін қалыптастырудың айқын ережелері белгіленді. Соттар мен судьялардың мәртебесі заң тұрғысында анықталып, ол сот төрелігін жүзеге асырудың құқықтық кепілдігін нығайтты. Ал, бүгінгі сот жүйесінің бейнесі цифрландырумен тікелей байланысты. Яғни, алғашқылардың бірі болып әрі белсенді түрде электронды технологияларды жүйеге енгізген сот билігі бүгінде барлық жағынан жетістікке жетіп отыр. 1995 жылы өткен референдум нәтижесінде сот жүйесінің кешегісі мен бүгіні адам танымастай өзгерді. Ал кешегі референдум Жаңа Қазақстанды құруда, сот жүйесінің ертеңін айқындауда үлкен жеңістерге жол ашады деп сенеміз!

Міне, сол кезден бастап елімізде қарқынды түрде сот реформасы басталды. Бірқатар жаңа кодекс қабылданды. Жергілікті жерлердегі соттарды сайлау тоқтатылып, оларды Президент тағайындайтын болды. Судья қызметіне тағайындау ашық және конкурстық негізде жүргізіле бастады және оларға қойылатын талап та күшейтілді. Соттарды мамандандыру жүзеге асырылды. Сот реформасының нәтижесінде жұмыс жүйесін реттейтін бірқатар жаңа заңдар топтамасы қабылданды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы