Адвокаттардың құқықтары мен міндеттері

1  003 көрілім

Түркістан қаласының тұрғындарының назарнына қоғамдағы Адвокаттардың құқықтары мен міндеттері жайлы бірер сараң ақпараттарды ұсынғымыз келеді. Адвокатура  – сотқа өз тарапынан көмек  ретінде құрылған мекеме екендігін түсіндіреміз. Сотта іс жүзінде адвокаттар әділдікті орнатуға көмек береді. Адвокатура тұрғындарға  заңды көмек беретін қоғамдық ұйым болып табылады. Әрбір адвокат көмек сұрап  келген тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шақырылған тарап болып  есептеледі.

Кез келген ұйымның, құрылымның міндеттері бар, сол  сияқты адвокатураның да, заң негізінде  қызмет ететін қоғамдық ұйым ретінде  өзіндік міндеттері бар, олар келесідей  көрініске ие:Азаматтар мен заңды ұйымға қылмыстық істер бойынша заң тұрғысынан көмек көрсету;Азаматтар мен заңды ұйымдарға азаматтық, әкімшілік және т.б істер бойынша өкілеттілік арқылы заңи көмек көрсету;Азаматтар мен заңды ұйымдардың мемлекеттік билік пен басқару органдарында және басқа да тұлғалар алдындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен білдіруге көмек көрсету. Адвокаттық  қызметтің құқықтық негізі “Адвокаттық  қызмет туралы” заңның 2-ші бабында  бекітілген. Олар адвокаттық қызмет туралы заңынан және басқа да жандардан  тұрады. Адвокатураның Қазақстан Республикасының қызметінің ұйымдық негізі – адвокаттар алқасы болып табылады. Бұлар он құрылтайшының  басымылығы бойынша, ауқымдық белгілер бойынша құрылыды. Адвокаттар алқасын  құруға  мемлекеттік рогендердің  арнайы рұқсаты талап етілмейді.Адвокаттар  алқасы адвокаттық қызметпен шұғылданатын адамдардың ерікті бірлестігі болып  табылады. Адвокаттар алқасы заң бойынша  коммерциялық емес, дербес, мамандандырылған, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі  қаржыландыратын адвокаттардың  ұйымы болып табылады.Адвокаттар  алқасы азаматтар мен заңды тұлғаларға мамандандырылған заң жүзінде көмек көрсету үшін, адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мен қорғау үшін, Қазақстан Республикасының “адвокаттық қызмет туралы” Заңында белгіленген т.б. қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады. Облыс, республикалық маңызы бар қала, республика астанасының аумағында бір адвокаттар алқасы құрылып, қызмет істей алады.Адвокат алқаларының қызметін белгілейтін  негізгі құжат адвокат алқаларының  жалпы жиналысында қабылданған  оның жарғысы болып табылады.

Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны

Адвокаттық  қызметінің ұйымдық нысаны:заң консультациясы (кеңестері);адвокаттық кеңселер (конторы);заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке-дара  адвокаттық кеңес құру. Адвокаттық  қызметтің ұйымдық нысанына қарамастан барлық адвокаттар аумақтық сипатына қарай адвокаттар алқасына біріктірілген. Адвокаттық кеңселер адвокаттар алқасының мүшелерімен, өз бастамалары   бойынша және өз қаражаттары есебінен құрылады. Адвокаттың адвокаттық кеңсені құру мақсаты – өзінің қызметін материалды, ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.Адвокаттық кеңселердің қызметін осы кеңсе орналасқан аумақтағы адвокаттар алқасы қадағалайды. Өз міндеттерін  орындау барысында адвокат сотта  күннен-күнге дейін азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін  қорғау үшін қызмет жасайды. Адвокат  – заңдылықтың нығайтылуына жәрдем беретін, сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткен қызметі жүзеге асыратын қоғамдық қызметкер. Адвокаттың  мақсаты азаматтарға заңды көмек  көрсетуден тұрады.Шарттың жасалуы мен бұзылуын, сотта өкіл болу мен алдын – ала тергеуден өтетін  айыпкерді сотта қорғауды, заңды  сауал беретін мекемелерге беретін  құқықтық кеңестен туындайтын көмектен құрылады.

Адвокаттар мынадай заңдық көмек  көрсетеді:Заңдық мәселелер бойынша кеңестер мен түсіндірмелер, заң нормаларына ауызша және жазбаша анықтамалар береді;Арыздар, шағымдар мен заңдық сипаттағы басқа да құжаттар жазады;Азаматтық істер бойынша және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта және т.б. мемлекеттік органдарда әділдікті жүзеге асырады;Алдын ала тергеуге, сотқа қорғаушы, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің өкілі ретінде қатысады. Адвокаттық  қызметті бір мезгілде мамандырылған  және қоғамдық қызметке бөлу қажеті жоқ. Адвокаттың бүкіл қызметі – оның қоғамдық қызметі. Адвокатты әр уақытта  заңның түсінігін  әділ де, талаптарға сай түсіндіру керек

Заң кеңестері (юридические консультации) аумақтық принцип бойынша адвокаттар алқасының  Төралқасымен ауданда (қалада) құрылады. Заң кеңестері заңды тұлға  болып табылмайды, адвокаттар алқасының  жалпы жиналысы қабылдаған ереже  негізінде қызметін жүзеге асырады. Заң кеңестері адвокаттар алқасының  құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып  табылады да, заң жүзінде көмек  көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады. Заң кеңесін адвокаттар алқасы төралқа  тағайындаған меңгеруші басқарады.

Жалпы сауал  бойынша адвокаттың міндеттері  Қазақстан Республикасының “Адвокаттық  қызмет туралы” заңның 15-ші бабында  көрсетілген  6-шы тармақтың жалпы  сипаттамасы. Ең басты міндеті: біріншіден, адвокат заң талаптарын орындауға, адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметінің қағидаларын басшылыққа алуға, кәсіптік мінез-құлық нормаларының талаптары мен адвокаттық құпияны сақтауға және заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға міндетті. Екіншіден, іс бойынша көмек сұрап өтініш сұраған адамның жағдайын нашарлататын құқықтық позиция ұстауына тыйым салынады, адвокаттың қылмыстық іс бойынша қолданған тапсырмалардан бас тартуға құқылы жоқ және ол қорғалатын адамның немесе адамның өзінің көзқарасы бойынша әділетсіз үкім  шығарылған жағдайда оған берілен тәртіппен шағым жасауға міндетті. Үшіншіден, адвокатқа мемлекеттік қызметкер болуға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа өзге де ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады. Жалпы азаматтың  отбасылық, тұрғын үй, еңбек және әкімшілік  заңдарымен реттелетін қатынастардың  күрделілігі, сондай-ақ, азамат өзінің субъективтік құқықтарын толық жүзеге асыру  және қорғау үшін заң нормаларын, оларды қолдау тәртібін тиісті дәрежеде білмеу кәсіби заңгер – адвокаттық билік көмегін сұрауға итермелейді. Ал адвокат заңда көрсетілген барлық құралдар мен әдістерді қолданып, азаматтың құқықтары мен мүддлерін қорғаудың ең тиімді жолдарын таңдап, сапалы заң көмегін көрсетуге тырысады және ол оның басты міндеті болып табылады. Атап айтқанда, адвокаттар – заң сұрақтары бойынша, кеңестер беру, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар мен азаматтардың тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету, азаматтық істер бойынша сот өндірісіне талапкердің жауапкер және басқа да тұлғалардың өкілі ретінде қатысуы сияқты басқа да заң көмегін көрсетуді соның ішінде заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын дайындау, шарт жасау және т.б.

Адам құқығын қорғау заңгерлердің басты міндеті. Ол мейлі адвокат болсын, прокурор, полицей қызметкерлері, тіпті сот болса да адам құқығы мен бас бостандығының жауапкершілігі заң органдарының мойнында. Қазіргі уақытта шыны керек айналамызда жан түршігерлік қылмыстардың саны көбейіп кетті, қай кезде болмасын теледидарды, телефонды аша қалсаң екі жаңалықтың біреуі қылмыс. Адам өлтіру, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық. Ер адамдардың өз әйелін өлтіруі, ұруы, әйелдердің баласын тастап кетуі, одан бөлек қазір жастардың арасындағы қылмыс жасау кеңінен белең алып кетті. Өмірге көзқарастары толық қалыптаспаған жастардың арасында қылмыстың жасалуы шыны керек жиі кездеседі. Адам баласын қылмыс жасауға криминалдық немесе зорлық-зомбылық көріп өскен ортада өмір сүруі де ықпал ететіні анық.

Адвокатура, адвокат деген не дегенде ең бірінші не ойлайсыз? Күмәндіні қорғау ма мүмкін сотта жеңіп шығуды көздеу шығар.  Бірақ заң тұрғысынан адвокатура Қазақстан Республикасындағы адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған. Ал, адвокат деген – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылады.

Жалпы адвокаттық жұмыстың қыр-сырымен тереңірек танысу мақсатында осы салада білім алып жатқан болашақ маманмен біраз әңгіме өрбіттік. Түркінің төрі – Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университетінің 3 курс студенті Асылайым Ғалымжанқызы адвокаттықты заң саласындағы ең қиын жұмыстардың бірі деп санайды.

Адвокаттың мәртебесі, оның құқықтары мен  міндеттері

Адвокат – міндетті түрде адвокат алқасының  мүшесі болып табылатын және Қазақстан  Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының нормаларымен реттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. Адвокат алқасының мүшесі болу үшін жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы  бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметі  жүзеге асыру құқығына лицензия алған  Қазақстан Республикасының азаматы  мүше бола алды.Қазақстан Республикасының Президентінің  “Лицензиялау туралы” Заң күші бар Жарлығында айтылғандай: “Азаматтарға қызмет көрсетуге байланысты мынадай  қызмет түрлері лицензиялауға жатады: мемлекеттік емес суъектілердің  із кесу (детективтік) және күзет қызметіне, адвокаттық қызметке байланысты заң қызметін көрсету”.

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру  үшін лицензия мынадай тұлғаларға берілмейді:қасақана жасаған қылмысы үшін сотталған тұлғаға;жазасын өтеп жатқан тұлғаларға;алкаголь мен есірткі заттарды пайдалануы нәтижесінде тиісті тәртіппен әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған тұлғаларға;лицензия алу үшін біліктілік емтиханын тапсырмаған тұлғаларға;кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе қандай да ақы төленетін қызмет түрімен айналысатын тұлғаларға;заңмен көзделген т.б. жағдайларда.Адвокаттың  көмекшілері мен тағлымдамалардан өтушілер, болуы мүмкін.Адвокаттың  көмекшілері еңбек шартының негізінде  заң консультациясында, адвокат кеңесінде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатын адвокаттың жанында  жұмыс істейді. Көмекшілері адвокатың барлық тапсырмалары мен  бұйрықтарын орындауға құқылы болып  табылады.Жоғары заң білімі бар азаматтар  авокаттық тағлымдамадан өтушілер  деп атайды. Бұл тағлымдама туралы  шарттардың негізінде адвокатта  тағлымдамадан өтеді.

Адвокаттың құқықтары:Адвокат алқаларының мүшелеріне құқықтар мен  міндеттер берілген. Адвокат алқасының  мүшелерінің құқықтары 2 топқа бөлінеді.Бірінші топқа – адвокат алқаның  мүшесі екендігін көрсететін құқықтар.Екінші топқа – қылмыстық бойынша  қорғаушы және азаматтық іс  бойынша өкіл ретінде адвокаттық  кәсіби құқықтары жатады.

Адвокат алқа мүшесі ретінде:Адвокаттар алқасының органдарына сайлануға және сайлауға;Адвокаттар алқасы органдарына алдына алқа қызметіне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның оргындарының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге;алқа органдары оның қызметі немесе мінез-құлқын тексерген және талқыланған барлық жағдайларда өзі қатысуға;өз бастамасымен алқа құрамынан шығуға құқығы бар.

Адвокат, қорғаушы немесе өкіл ретінде  мынадай әрекеттер жасауға құқылы:Заң көмегін көрсету үшін қажет нақты мәліметтерді дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;Көмек сұрап келген адамға қатысты материалдармен танысуға және оларды ақпаратты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен белгілеп алуға;заңдарға қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

Адвокаттың міндеттері:Адвокат заң талаптарын сақтауға міндетті және көмек сұрап өтініш жасаған адамның  келісімінсіз оларды жария етуге  құқығы жоқ және т.б.Мемлекет  өз кезегінде адвокаттарға заң бойынша, қойылған талаптарды орындалуын қамтамасыз ету үшін белгілі-бір шараларды  қолданады, яғни құқық қоргау органдарында және әділет органдарында белгілі-бір  өкілеттікті беру арқылы құқықтық қызмет пен халыққа заң көмегін көрсету  аясындағы қызметі құқықтық тұрғыда  реттейді. Осылайша, реттеудің мақсаты  болып, құқықтық көмек көрсету рыногын  жоғары, сапалы құқыққорғау қызметімен толтыру болып табылады.

Қылмыстық және азаматтық істер бойынша  сотқа қатысудан басқа адвокат  азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді, бірлестіре отырып ұйымдарға, мекемелерге, кәсіп орындарға берген сауалдарына  заңды негізге ала отырып, консультациялық  кеңес береді. Осы консультациялық  кеңес негізінен туындап тұрған дауды бастамас бұрын талап арызды қалай керек екендігін, әкімшілік, әлеуметтік саяси тұрғыдан еңбек  қатынастарының барысында туындаған  даулы сауалдардың дұрыстығын анықтауға  адвокат осы жұмыс арқылы ашып береді1.

Консультациялық жұмыс адвокаттардың қызметтерінің  бір түрін көрсетеді. Заң көмегін  қамтамасыз етеді. Мысалы: бір қызметкерлерді жұмыстан заңсыз түрде шығарып тастады, осы заңдылықты шешіп, әшкерлеу барысында  адвокат қыруар жұмыс жасап айқындайды:

Біріншіден, заңды көмек сұрап келген қызметкер  ауруханада емделген бе, емделсе қай  уақыт аралығында. Жұмыстан шығарып  жіберу қағазы қашан жазылған, алдын-ала  қызметкерге жұмыстан қудаланатындығы  туралы ескертіледі ме деген сауалдарға жауап іздеп дауды дұрыс шешілуіне  адвокат өзінің кеңесі арқылы көмек  береді. 

-Жалпы заң саласындағы адвокаттың негізгі қызметі қандай?

-Теледидардан да, жаңалықтардан да қарап отыратын болсаң, мысалы, адвокат әрқашан қылмыс жасаған адамды қорғап жатады ия? Сол үшін де көп адамдардың ойы кейде өзгереді, бірақ бұл біздің міндетіміз, мемлекет пен адам алдындағы борышымыз. Қазақстан Республикасы азаматы болғаннан кейін қандай жағдай болмасын жеке бастың құқығы қорғалуы керек. Негізі шыны керек адвокаттық жұмыс өте ауыр жұмыстардың бірі, ол адам өмірімен тығыз байланысты, бұл қызметті өз міндетімен нақты, тиянақты Заң жүзімен атқаратын болсақ, адам өміріне зиян келмейтіндей етіп адал түрде шешілуін қадағалау қажет, сол себепті заң жүзінде қызмет етемін деген адамға бірінші ақ-қараны ажыратып, заң жүзінде жоғарғы білімінің болуы  талап етіледі.

-Адвокат жұмысының ақысы қанша?

-Жалпы қазіргі уақытта өзім әлі жоғары оқу орнын оқып жатқандықтан бір заңгер өзін былай бағалайды деп айта алмаймын. Себебі менің әлі де үйренерім көп. Алайда Заң көмегіне ақы төлеу, оның ішінде ауызша заң консультациялары және тапсырмаларды орындауға байланысты шығыстар есебінен адвокаттың қолма-қол ақша алуына қатысты қаржы құжатынсыз жол берілмейді, яғни, қолма – қол ақша адвокатқа берілмейді бұл заңға кайшы және біз оқып жатқан жоғарғы оқу орнымызда пара беруге жол берілмейді және келеңсіз жағдай болмас үшін біз оқу ақысын  құжат түрде береміз, сол үшін де кез келген уақытта сенімді болу үшін барлығын құжат арқылы дәлелдей алатындай етіп төлеген дұрыс. Жалпы біз қолма – қол ақшамен төлем жасауға қарсымыз. Оқу орнындарында осындай заң талабы барына да келісеміз және қолдаймыз!

Қазіргі уақытта шынымен де тегін қызмет көрсететін адвокаттар, заңгерлер бар, сонда тегін қызмет көрсету мен ақылы қызмет көрсетудің айырмашылығы қандай?

Қазіргі таңда заңгерлер кәсіпкерлік заңгер, үкімет заңгері болып екі салада жұмыс істейді. Бірақ бір заңнаманы ұстанады, ол Қазақстан Республикасы  Констутциясы мен құқық қорғау заңы. Елімізде кәсіпкерлік заңгерлердің біраз легі бар деп айта аламын. Себебі жеке өз алдына қызмет көрсететін заңгерлердің жұмысына жүгіну қазіргі уақытта өте көп. Бұл қызметпен айналысатын заңгерлер өз алдына, яғни, жеке заңдастырып беру арқылы заң жүзінде қызмет етеді. Ал, мемлекеттік заңгер оны үкімет қаржысынан өмірі қыл үстінде тұрған мұқтаж адамға мемлекет өз есебінен ұсынады және заңгерлер өз ісіне жауапты, білікті, заң жүзінде нақты дәлелдеу арқылы өз қызметіне сенімді болса заң көмегіне сүйеніп келген мұқтаж адамдарға адал қызмет көрсете алады. Жалпы кәсіпкерлік пен үкімет заңгерінің арасында қандай айырмашылық бар деген сұрақ шығатыны анық. Көбісі ойлауы мүмкін тегін болған нәрсенің құны болмайды, біз ақылай жұмыс жасайтын адвокат жалдасақ барлығы дұрысынан шешіледі деп ойлайды. Бірақ ол қате пікір. Кез келген жерде барлығы заңгердің біліктілігімен ғана шешіледі. Ол мейлі үкімет заңгері болсын, мейлі кәсіптік заңгер болсын. Қай кезде де адалынан бар күш – жігерімен, біліктілігін салып еңбек етсе қай кезде, қай уақытта, қай жерде болмасын әділдік және адалдық орнайтынына сенемін.

Енді өзің заң саласында оқитын студент ретінде осы мамандықтың қандай қиын және қызықты сәттері бар?

-Заң саласында оқу қызығы мен шыжығы бірге жүретін сәттерге толы. Қызықты сәті біз әртүрлі оқиғалармен танысып, ол оқиғада біздің қызметіміз кандай біздің міндетіміз кандай деп сол оқиғадан әділ жол іздеп әділеттікті дәлелдеп, қорғап шығуға тырысамыз. Сол мәселені шешудің қыр – сырын, неше түрлі жолдарын қарастырып, оған жан – жақты қарауды үйренеміз. Сенің ойлап тұрған нәрсең, мүлдем дұрыс болмай, 180 градусқа өзгеріп кетуі мүмкін жағдайлар болады. Сол үшін де өзімізді мұқиятты, қырағы болуға үйретеміз. Біздің оқу орнымызда өте білікті,білімді өз саласының мамандары жұмыс жасайды. Сол кісілердің үйретуімен, және өзіміздің осы салаға деген қызығушылығымызбен, қазіргі уақытта студенттік өміріміз өте қызықты өтуде.

Заң саласындағы оқудың қиын кездері әр заңда баптарымен, тармақтарын талдап оның оқиғаларға нақты сол заңмен далелденуін қарастыру өте қиын және оны қорғап өз ойыңды нақты жинақтап жеткізу оданда қиын бірақ біздің міндетіміз дәлелдеумен мен қорғаудан тұрады сол үшін де ешқашан қиындықтарына мойымауға, сынбауға тырысамыз.

Жер бетінде 7 миллиардтан астам адам болса оның әр қайсысы жеке тұлға, бір өмір. Олардың қауіпсіздігі, жеке басының қорғалуы заң жүзінде міндетті нәрсе. Заң жобасының алғы шарты да, өзегі де, мақсаты да адам құқығын қорғау, Конституция талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндігімізді көбейту. Қазіргі заман талабы да сол. Заң саласында жұмыс атқарып, мейлі адвокат, мейлі прокурор, сот, полицей қызметкері болсаң да ұмытпау керек бір нәрсе Заң жалпыға ортақ. Сол заңның орындалуы да, дұрыс қабылдануы да сенен басталады. Сол үшін де өз міндетіңді жауапкершілікпен, адалдықпен атқару арқылы ғана көздеген нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік туады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы