Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесі берілгелі 4 жылға жуық уақыт өтіпті. Қасиетті киелі мекеннің жаңа келбетін қалыптастыру арқылы оны тұтас түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру үшін ауқымды да қарқынды жұмыстар атқарылып жатқанына баршамыз куәміз.
Қала прокуратурасыда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі нәтижелі қадағалау әрі үйлестіру қызметімен қаланың өркендеуіне елеулі ат салысып отыр деп айта аламын. Құқық бұзушылық профилактикасына жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын қадағалап үйлестіру, оның ішінде прокуратураның бастамасымен жасақталған «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде қала аумағында қылмыстар саны жылдан жылға төмендеуде.
Нақтырақ, 2018 жылмен салыстырғанда қылмыс саны 2021 жылы 2070-тен 950-ге, яғни екі есеге азайған (2018ж. – 2070, 2019ж. – 1436, 2020ж. – 995, 2021ж. –950). Қарақшылық, бұзақылық, тонау, ұрлық (оның ішінде пәтер ұрлығы, мал,ұялы телефон ұрлау), жол-көлік оқиғалары, кәмелетке толмағандаржасаған қылмыстар, жасөспірімдер арасындағы суицид, тұрақты түрде жылдан жылға азайып келеді.
Қылмыстық ахуалдың төмендеуіне «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасы аясындағы уәкілетті органдардың, әсіресе полицияның жұмысымен қатар төтенше жағдай мен карантиндік шаралар аясында енгізілген шектеулер де біршама ықпал еткені анық.
Дегенмен ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ алаяқтық және масаң күйде қылмыс жасаудың азаймауы алаңдатады. Әсіресе денсаулыққа ауыр зиян келтіру (2018ж. – 4, 2019ж. – 7, 2020ж. – 7, 2021ж. – 14, 2022ж. 5 айы – 10),балаларға қатысты жыныстық қылмыстардың (2018ж. – 5, 2019ж. – 7, 2020ж. – 7, 2021ж. – 8, 2022ж. 5 айы – 8) өскені байқалады.
Бұл алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға аса назар аударып, тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін одан әрі күшейту үшін атқарылатын жұмыстың көп екенін білдіреді.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ЖЕДЕЛ ХАРЕКЕТ ҚАЖЕТ
323 көрілім
