ЖАҢА ЗАҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

379 көрілім

КЕРЕК КЕҢЕС…..

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енді. Осы уақыттан бастап «Әкімшілік рәсімдер», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдар күшін жойды.
Жаңа Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.


Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті – жария-құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың дау айтылған құқықтарымен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және жедел шешу. Әкімшілік процесте соттың белсенді рөлі азаматтық процестен маңызды айырмашылықтың бірі. Ол әкімшілік істің материалдарымен шектеліп қоймай, дәлелдерді жинауға бастама көтереді және қажетті құжаттарды арыз берушіден емес, мемлекеттік органнан талап етеді. Кодексте талап түрлері нақты айқындалған, олар дау айту, мәжбүрлеу, әрекетті жасау, тану туралы талап қою болып төрт түрге бөлініп отыр.
Жаңа заңнама мемлекеттік органдарға дәлелдеу міндетін жүктей отырып, істің созылуына алып келген әрекеттерге ақшалай өндіріп алу қолданылады. Заңнаманың түсініксіз тұстары азаматтардың пайдасына шешіледі. Кодексте тараптарды ымыраға келтіру шараларын белсенді түрде қолдану да көзделген.
Бұрын мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қарауына жатқызылған салық, кеден, монополиялық, экологиялық, инвестициялық даулар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әрекеттеріне, актілеріне даулау туралы істер енді жаңадан құрылған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарда қаралуда.
Прокурор осы Кодекстің 31-бабында көрсетілген істерге ( салық, кеден, бюджет,қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды пайдалану, сайлау) қатысу арқылы сот актілерінің заңдылығына жоғары қадағалауды мемлекет атынан жүзеге асырады.
Кодекс қолданысқа енгізілгеннен бері Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2021ж.108 іс, ал а.ж. 5 айында 102 іс қараған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы