ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

512 көрілім

Ел мерейін өсірген жас спортшыларымыз бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбековпен кездесті. Кездесуге ҚР Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Әбілсейіт Дүйсебаев қаламыздың спорт саласына үлес қосып жүрген жас спортшыларымыз бен спорт саңлақтары, жаттықтырушылар қатысты.
Көршілес Өзбекстан елінің Намангам қаласында өткен белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында жерлестеріміз 100кг салмақ дәрежесінде Айдарбек Тоқтарбек жеңімпаз, 66кг салмақ дәрежесінде Айнұр Ақжігітова қола жүлдегер, 58кг салмақ дәрежесінде Гүлзира Құдасбек қола жүлдегер атанды.

Рухани астананың заманауи жастары спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанып, дүбірлі додаларда ешкімге дес бермей, ел тұғырын биіктетуді мәртебелі борыш деп түсінеді. Қала әкімі жеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтап, қала халқы атынан алғыс айтып, алдағы бәсекелерге сәттілік тілеп, арнайы алғыс хат пен сый-сияпат табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айының 6-10 аралығында Өзбекстанның Намангам  қаласында белбеу күресінен әлем чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеге Қазақстан құрама командасынан Түркістан қаласының атынан барған жас спортшылар – 1 алтын, 2 қола жүлдеге ие болған еді. Түркістан қаласының ғана емес Қазақстанның даңқын әлемге танытқар чемпиондарды біле жүрейік, көк туды желбіретіп жүрген жастарды мақтан етейік.

 Азамат ӘЛІБЕК.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы