“БІРЛІК”, “ШАУҒАР” СЕКТОРЛАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

422 көрілім

Нұрбол Әбдісаттарұлы “Бірлік” тұрғындарымен бүгін кезекті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстарды баяндады. Түркістандағы «Бірлік» тұрғын үй алабында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында тұрғындармен өткізген кездесуі барысында 77 мәселе көтерілді. Қазіргі таңда оның 58-і орындалса, 14-і бойынша жұмыстар басталды, қалған 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Сектор аумағында 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді. 3,3 шақырымды құрайтын 3 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. 35 шақырымды құрайтын 33 көшені жарықтандыру жоспарлануда.

12 шақырымды құрайтын 9 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, құрылыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Керейхан көшесі, Бірлік стадионы аумағына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүруде, жұмыстардың 90 пайызы аяқталды. Бірлік секторын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жаңа 5 трансформатор орнатылды. Енді электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде. Жалпы жобаға сәйкес, 85 шақырым кәріз желісінің құрылысы басталды. Кездесу барысында тұрғындар өтініш-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.

Әйтсе де, барлық мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында сектор тұрғындарымен кездесуі барысында 51 мәселеле көтерілген болатын. Олардың 37-сі бүгінде толық шешімін тапты, 10 мәселе бойынша жұмыстар басталып, қазіргі таңда атқарылуда, ал 4 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Шауғар секторында 22 аялдама орнатылды. 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде.

Бұл жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Ескірген ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және метал құбырлары арқылы жүргізілген су желілерін полиэтилен құбырларына ауыстыру мақсатында 91 шақырым ауыз құбырларының құрылысы басталды. «Шауғар» тұрғын алабындағы ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда конкурс өткізілуде, құрылыс қазан айында басталады деп жоспарлануда. Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді де табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылды. 20 шақырымды құрайтын 31 көшеге тас төселді. 3 шақырымды құрайтын 2 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. Тұрғындардың өтініші бойынша балалар алаңшасы және шағын футбол алаңшасы салынды.

Ескендір ЕРТАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы