АЛАШТЫҢ АСЫЛ ПЕРЗЕНТІ

371 көрілім

2022 жыл – балалар жылы деп жарияланды. Осыған орай Түркістан облысы “Ұлы дала Елі” орталығына қарасты Нәзір Төреқұлов музейі қоғам және мемлекет қайраткері, тұңғыш дипломат Нәзірді насихаттау мақсатында «Балауса» жазғы демалыс лагеріне  «Алаштың асыл перзенті» атты тақырыпта көшпелі көрме ұйымдастырды. Көрмеге Н.Төреқұловтың  өзінің пайдаланған заттары мен салған суреттері, алтын және күміс медальдары, тұлғаның өмірі, қызметі жайлы жазылған кітаптары, қызметте жүрген кезеңінде түскен фотолары қойылды.

«Балауса» жазғы-сауықтыру лагерінде Түркістан қаласы мен қала маңындағы елді-мекендердегі мектептердің оқушылары демалып жатыр. Жан-жақтан жиналған оқушылар музейден келген көрмеге қызығушылықтарын білдірді. Нәзір Төреқұлов туралы жан-жақты мағлұматтар алды. Өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, заттарымен танысты. Көрмені тамашалаған оқушыларды музей қызметкерлері Н.Төреқұлов музейіне экскурсияға шақырып, естелік суреттерге түсті.

Бағлан Ташимов, Н.Төреқұлов музейінің қызметкері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы