ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

832 көрілім

Бүгін Алатау медиа орталығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2022-2023 жаңа оқу жылына арналған дайындығы туралы брифинг өткізілді. Жиынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев, Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Еділ Төлегенов қатысып, жаңа 2022-2023 оқу жылына дайындық барысын баяндады.

“Биыл оқу орнында жаңа оқу жылы 5 қыркүйектен басталмақ. Қазіргі уақытта студенттердің келуіне дайындықтың соңғы кезеңі жүріп жатыр.  Жатақхана мәселесіне келсек, биыл университет қарамағындағы №1 және №3 студенттік жатақханалары жөндеуден өтіп, №1 жатақханаға толығымен жаңа жиһаздар сатып алынды. Мақсат – студенттерге қолайлы жағдай жасау, Алдағы уақытта басқа жатақханалар да кезең-кезеңімен жаңартылады. Сонымен қатар, қазір жаңа жатақхананы салу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша, биыл 3542  балаға орын бөлінді. Қазіргі таңда жатақханаға 5067 студенттен сұраныс келді. Жаңа оқу жылында грант, квота және ақылы негізде оқуға түскен барлық 1 курс студенттеріне толықтай жатақханадан орын беріледі”, деді Асқар Тұрғанбаев.

Сонымен қатар, мемлекеттік және университеттің ішкі грантында оқитын 2-3 курс және бітіруші емес 4 курс студенттерін де жатақханамен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұған қосымша университет 2 жатақхананы жалға алып, тағы 430 орын бөліп отыр. Дегенмен, әлі де 1095 орынға қажеттілік бар екендігін жеткізді.

“Биыл 1980 талапкер Халықаралық қазақ-түрік университетінің 1 курс студенті қатарына қабылданды. Оның ішінде 667 студент грант иегері атанды, атап айтқанда мемлекеттік грант бойынша – 644, Нұр-Сұлтан әкімінің грантына – 13, «Қазақстан халқына» қоры гранты бойынша – 10 талапкер қабылданды. Сондай-ақ, Түркі дүниесі гранты бойынша – 178, ішкі грант – Түркия квотасы бойынша – 500 студент те тегін оқуға мүмкіндік алды. Ал 776 студент ақылы бөлімге оқуға түсті. Білімгерлерді әлеуметтік қолдау үшін де университетте арнайы жеңілдіктер бар.  Сонымен қатар, осы ақылы бөлімге түскен балалар үшін мүмкіндіктер бар. Бірінші семестрден кейін балалардың оқу үлгеріміне қарай босаған мемлекеттік грантына немесе түрік квотасына ауысу мүкіндіктері қарастырылған. Мемлекеттік грантқа конкурс кезінде жетім балаларға, әлеуметтік жағдайы төмен, яғни ата-анасының біреуі 1 не 2-топтағы мүгедек немесе қайтыс болған болса, мүгедек балаларға, толық емес және көп балалы отбасыларға, ұлты қазақ шетел азаматтарына жасалынатын жеңілдіктер де бар”, дейді Еділ Төлегенов.

Сонымен қатар олимпиада, Азия ойындары, Әлем, Қазақстан Республикасының ресми біріншіліктері мен Халықаралық универсиада жеңімпаздары (жүлдегерлері) атанған спортшы білім алушыға 100%-ға дейін, ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің ұйымдастырылуымен өткізілетін ЖОО арасындағы универсиада, ҚР чемпионаттары жеңімпазы (жүлдегері) атанған білім алушыға 50%-ға дейін университетте жеңілдік беріледі. Айтып өтетеін тағы бір жақсы жаңалық тұл жетім студенттер тегін жатақханамен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілмек.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы