«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

483 көрілім

Бүгін Түркістан қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті. Жаңа заман оқушысының мәртебесін көтеру мақсатында мектеп оқушыларының бастауыш буын, орта буын арасында «Мектепке жол» акциясын өткізуді қаржыландыруға демеушілерге өтініш айтып, бүлдіршіндерге мектепке арналған құрал жабдықтары мен сөмекелері табысталды.

Шараға Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов қатысып, оқушылыларға жаңа оқу жылында жаңа табысқа бөленіп, білім жолында өркендей беруіне тілектес екендігін айтты.

«Жақсыдан ұл туса – игі» – деп дана халқымыз айтқандай, демеушліреміз аталмыш ойды қолдап, өзінің игі әрекетін тағы да байқатты. Осындай таланттар мен білімін сусындатқан оқушыларымызды ынталандыруға өздерінің қолдауларын үнемі көрсетіп отырады.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы