ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖЕТЕРЛІК

607 көрілім

Құқықтық мәдениет – әлеуметтік-саяси құнды­лық­тарды нығайтатын құқықтық-саяси жүйедегі адамдардың шығармашылығының үрдісі мен нәти­жесі болып табылады. Қазақстан Респуб­лика­сын­дағы құқықтық мәдениет әлеуметтік тәжірибеге еніп, жалпы адамзаттық аспектілердің біріне айналған. Қазақстанның құқықтық мәдениетінің жасаушысы да, ұйымдастырушысы да – тұлға болып табылады. Құқықтық мәдениет қызметіндегі жеке тұлға құқық пен саясат саласын меңгерген, әрі Қазақстан мемлекеті мен оның қоғамына қатысты заңдық кәсіби этикадан тұратын құқықтық мәдениетті білу маңызды. Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениетінің оңтайлы шешіміне жету үшін Қазақстан Республикасының құқықтық мәдениетінің құндылықтары мен жүзеге асыру ережелері зерттелуі тиіс. Сонымен қатар, құқықтық және әлеуметтік-саяси жүйені жаңалау барысында біз адамдардың жеке тұлғалығы мен ұлттық мәдени ерекшеліктерді ескеруіміз қажет. 
Қазақстанның құқықтық мәдениетіне объек­тивті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға – мемлекеттің құқықтық жоғары білімді аймағы жатады. Ал субъективті факторға – азаматтардың жасы, жынысы, қабілеті сияқты заң жүзінде тіркелген жеке қасиеттері жатқызылады. 
Жеке тұлғалардың құқықтық мәдениетін арттыруына алдымен мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, арнайы құқықтық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілуі, азаматтарға заң ережелері, қағидалар, құқықтық құбылыстарды сезіну сияқты міндеттер түсіндірілуі қажет. Бірақ, соған қарамастан, адамдардың қызметі мен өмірлеріндегі қажеттілікке айналған әлеуметтік қызығушылықтар Қазақстан құқығының терең меңгерілуіне ықпал етуде.   
Азаматтық қоғам мүшелерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі қалай қамтамасыз етіледі? Бұл жеке тұлғаның экономикалық еркіндігі, яғни, жеке шаруашылық қызметінің кез-келген саласымен айналыса алуы деген сөз. Бұл ұғымға тұтыну еркіндігі мен жекеменшікке қол сұқпаушылық та жатқызылады. 
Саяси еркіндік экономикалық еркіндікті қолдайды. Демократия – тек саяси нарық алаңы ғана емес, сонымен қатар, ой еркіндігін заңмен ұштастыра алатын жеке тұлғалардан  тұратын мемлекеттік ұғым. Бүгінде Қазақстанда азаматтық қоғам элементтері бар, бірақ, бұл құқықтық, моральдық еркіндікке қатысты емес. Керісінше, еркін азамат өз ісіне өзі жауапты болу мүмкіндігіне ие дегенді білдіреді. Бұл үлкен жіктелу арқылы әлеуметтік анархияның қарама-қайшылықтар үрдісіне алып келеді. 
Қазақстанның модернизациялау қағидалары­ның болашағын қалыптастыру алдымен, азаматтық қоғам қағидаларының қалыптасу деңгейі мен дайын­дығына байланысты болады. Тәжірибеден өткен тарихи еуропалық қағидаларды енгізу мәселені же­ңіл­деткенмен, Қазақстан халқы үшін шешім бола алмайды. 
Осылайша, Қазақстанның құқықтық мәде­ние­тін модернизациялауды азаматтық сана-сезімін қалып­тастыру мен тұлғалардың қоғам өміріне араласуынан бастау керек. Құқықтық мемлекеттің ең басты элементі – еркіндік құқығы болып табылады. Қайта өрлеу кезеңінен кейін азаматтардың тек жеке бас бостандықтары ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік топтардың бостандықтары да жапа шеккен болатын. 
Жаңа ақпараттық және әлеуметтік технологияларды игере отырып, ескі билік жүйесі арқылы демократиялық институттар мен құрылымдарды басқаруға болады. Салдарынан дәстүрлі жеке тұлғалар қалыптасады. Жеке тұлғалар мен билік арасындағы қарым-қатынастар және олардың шешілуі заң жүзінде тараптардың мәселелері ескеріле отырып, келісімшарт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұндай келісімшарттың негізгі бөлігін: тараптардың құқығы, қызметі, құзіреті, еркіндігі және жауапкершіліктері құрайды. Сонымен қатар, аталған келісімшарттың негізгі мақсаты жеке тұлғалардың азамат ретіндегі теңесуі болып табылады. 
Бүгінгі таңда ұлттық мәдени құқық пен құқықтық ділге деген қызығушылық артуда. Бұл құбылысты зерттеушілер батыс еуропалық философия тұрғысынан жан-жақты қарастырып жүр. Қазақстанның үлгісін құруда ұлттық құқықтық мәдениет пен мемлекеттік ерекшеліктер, құқықтық сабақтастық мәселелері тұр. Бүгінде құқықтық мәдениет үлгісі ұтымды құрылған Еуропадағы қоғам мен жеке тұлғалардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас мәдениетінің жоғарылығы: өмір сүру құқығы, еркіндік, жекеменшіктік, мемлекеттік басқаруда либерализм жүйесінің болуы айқын байқалады. Құқықтық мәдениет халықтық мәдениеттің бір бөлігі болып табылады. Қазақстанды модернизациялау мәселесі құқықтық мәдениеттің әдіснамалық тәсілдерінен бастау алады. 
Ұлттық діл туралы ғылыми әдебиеттерде көп айтылады. Діл ұғымының астарында көптеген түсініктер жатыр. Діл сананың сезімталдық және логикалық ойлау қабілеті, идеология мен сенімнен тұрады. Сонымен қатар, діл әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты. Ал құқықтық діл заң негізіндегі әділдікті көздейді. 
Қазақстанда еркіндік пен құқық мәселесіне қатысты түсініктер  еуропалықтарға қарағанда әлсіздеу болып тұр. Қазақстандағы еркіндік түсінігі абсолютті еркіндік ұғымымен шатастырылады, ал билік, индивидтің атрибуты ретіндегі мәнге ие. Әлеуметтік ортада билік етудегі тұрақсыздық пен заң институттарының бекіткен нормаларына деген сыйластық қатынастың әлсіздігі байқалады. 
Еуропада заң – қоғамдық өмірдің реттеушісі ретінде. Билік тарапынан кеткен кінә «заң бұзу­шылық» есебінде қаралады. Еуропадағы келі­сім­шарттар қауіпсіздік мақсатында жасалады. 
Құқыққа деген қарым-қатынастың екі үлгісі бар. Еуропада оның біріншісі, заңға жүгіну және жеке тұлғалардың қауіпсіздігін талап ету болса, екіншісі заң орындарына деген сенімділіктің күшеюі. Ал бізде ең бірінші құқық органдарын сынға алып, заңға бағынбау, қарсы келу жайттары басым. 
Саясаттану ғылымының сараптамасы бойынша, еуропалық демократияның ауыспалы жүйесі мен құқықтық ментальдығын құру – қазақстандағы құқықтық мәдениеттің көпқырлылығын көрсетеді. Франциядағы бесінші республиканың АҚШ-тың батыс бөлігі, Ұлыбритания және Германиядағы демократиялы жүйеден едәуір өзгешелігі бар. Алдымен, сыртқы саясат пен әскери саясаттың әлсіздігі байқалатын, парламент пен министрлер кабинетінің атағын өсірген президент билігін ерекше атап өту керек. Нәтижесінде, Франциядағы демократия мен қазіргі Қазақстандағы демократия арасындағы ұқсастықтар анықталған. Мұнда биліктің ортақ үрдісі мен билік басындағы жеке харизма туралы да айтылып отыруы мүмкін. Францияда ол – Ш.де Голль. Екіншіден, бюрократиялық аппарат әсері мен ұйымдастырушылық қызметтің кеңеюінің өсуін атап өтуге болады. Үшіншіден, парламент қызметінің символикалық түрде жұмыс істеуі. Шешуші болып әлеуметтік-экономикалық мәселелер қала береді. Мұндай жағдайда идеологиялық мінезге қатысты қызығушылық та әлсірейді. Ал енді біздің ойымызша, ең негізгісі ол бұқара халыққа әсер ететін БАҚ болып табылады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары Францияда болған дағдарыс жаңа Конституцияны қабылдауға мәжбүрледі. Соның салдарынан Франция дағдарыс кезеңін сәтті бастан кешті. Міне, осы орайда Францияның саясаты Қазақстан үшін үлгі бола алатын шығар. 
Қызылорда облысына әлеуметтік зерттеу жұмы­сын жүргізгенімізде құқықтық танымның өзгерген типін, кеңестік құндылықтардың сақ­тал­ған­дығын және ақпараттық қоғамдағы жаңа түсініктердің қалыптасқандығын байқа­дық. Қазақстан азаматтары арасында құ­қық­тық танымның «қылмыстық» тұстары да байқалады. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінде қызылордалықтардың 40 пайызы жа­қын туысының қауіпсіздігі үшін заңбұзушылыққа дейін  баратындықтарын айтты. Бұл дегеніміз, құқықтық қатынастан гөрі, туыстық қатынас­тың алдыңғы қатарда тұрғандығын көрсетеді. Қазақстандықтар әлеуметтік-экономикалық құ­қық­ты жоғары бағалайды және өздерінің жеке мүлік­теріне қолсұғушылық туралы заңды жақсы түсінеді. Екінші жағынан, барлық жауапкершілікті мемлекет тарапына артып отыра беретін әлеуметтік құқықтық белсенділіктің төмен­дігі байқалады. Бұған қарамастан, Қазақстанның құ­қықтық нормалары санкциялар мен жазаларын өтеулеріне байланысты негізделген.
Дегенмен, Қазақстандағы құқықтық сана тота­литарлық жүйеден демократиялық бағытқа бой алғандығы байқалады. Кез-келген реформалар заң жүзінде жүзеге асырылатындығы туралы түсініктер қалыптасты. Біздің ойымызша, Қазақстандағы құқықтық мәдениетті модернизациялаудағы қиын­дықтар халықтың құқықтық сауаттылығының тө­мен­дігіне байланысты болып отыр. 
Қазақстанның құқықтық мәдениетін модернизациялау туралы сөз болғанда алдымен, құқықтық ақпараттар қатынасының қолжетімділігіне назар аударуымыз керек. Қазақстандық әлеуметтік-экономикалық құқықтық мәдениетті модернизациялауда құқықтық саланы жете білушілік талап етіледі. 
Халықаралық қатынастың негізі болатын құқық­тық мәдениеттің қазіргі концепциясы Еуропа­ның мәдени құндылықтарынан бастау алады. Бүгінде көптеген қоғамдардың құқықтық ділі бар деп есептесек онда, жаhандану дәуірінде құқықтық ділдің бұзылуы – құқықтық мәдениеттің өзгеруіне алып келер еді. 
Өзекті мәселелерді қарастыра отырып, біз тек әлеу­меттік-экономикалық құқықтың қалыпта­суына ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның ұлт­тық құндылықтарын ескере отырып, құқықтық мәде­ниеттің қалыптасуына да ықпал ете аламыз.
Қорыта келгенде, мынадай ұйғарым жасауға болар еді: біріншіден, Қазақстан құқықтық мәдениетті модернизациялау – талаптар, саяси-адамгершілік негіздегі әлеуметтік-құқықтық жарлықтар үдерісі­нен; екіншіден, Қазақстан қоғам мен жеке тұлғалар­дың әлеуметтік-құқықтық мәдениетін жаңалаудан тұрады. Қазақстан қоғамының құқықтық мәдениеті құқық мекемелеріндегі ережелерге негізделген тә­жі­рибемен анықталады.    

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы