Бүгін облыс орталығындағы Оқушылар сарайында «AMANAT» партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты, Құрмет орденінің иегері Базарбай Зұбайдуллаұлы бастаған топ қаламыздағы 103 бүлдіршінге жылдың төрт мезігілінде киетін киім, мектеп формасын, сөмкесін табыстады. Айта кететін жағдай Базарбай Зұбайдуллаұлы «Бақытты отбасы» жобасы аясында 2010 жылдан бері «Мейірім» акциясын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.

Игі шараға қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы, Ақсақалдар алқасының мүшелері Шора Исмолдаев мен Абдукамал Ашимбеков, Аналар алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева, қалалық әкімдіктің аппарат басшысы Әділ Ауелбеков мырзалар қатысып балаларға ақ тілектерін арнады.

Шара барысында Оқушылар сарайының өнерлі жастары мен бүлдіршіндерінің концерттік бағдарламасы қойылды. Күмбірлете күй тартылып, әсем ән шырқалды. Өнерпаз жастар оқушылар мен қонақтардың көңілінен шығып, қошеметке ие болды.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.
