ЖОЛДАУ – ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНА БАСТАЙДЫ

1  510 көрілім

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауын насихаттау еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда. Осы мақсатта Түркістанда қалалық ақпараттық-насихаттық топ құрылған болатын. Жұмысшы топ қала ішінде әр саланың қызметкерлері және орта, арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттерімен кездесуде. Бүгін бұл аталмыш топтың бағыты көпсалалы индустриалы техникалық колледжі мен Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы болды. Білім ордаларындағы жасөспірімдермен жүздесіп, маңызды құжатты кеңінен таныстырды. Колледжде өткен келелі кездесуді көпсалалы индустриалы техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлсағат Мамраймова ашып, жүргізіп отырды.

«Еліміздің тәуелсіздік тарихында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы дәстүрге айналған. Бұл – мемлекет дамуының келешегін болжай отырып тұжырымдалатын, ел ішінде тап сол кездегі мәселелерді шешуді және даму бағытымызды айқындап отыратын стратегиялық құжат. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдау қазіргі таңдағы қоғамды толғандырған мәселелердің мәнін ашып, барлығына да жауап береді деп ойлаймын. Президенттің алғашқы Жолдауында мемлекетімізді нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жөнінде кеңінен айтылған», – деді баяндамасында лектор, Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Асқар Токанов.

Сонымен бірге, Гүлсағат Қалманқызы лектор сөзін жалғап, Жолдау жайында өз пікірін ортаға салды. Келген қонақтарға колледж ұжымы мен білім алушылары атынан алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы