ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІНЕ ЖОЛ ЖОҚ!

447 көрілім

Түркістан қаласы әкімдігінің “Бизнесті қолдау және туризмді дамыту” бөлімі және экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесе отырып заңсыз ойын бизнестеріне тосқауыл қою мақсатында “ОПМ STOP ОЙЫН” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Түркістан қалалық полиция қызметкерлерінің 7 айда атқарған жұмыстарының көрсеткішіне сәйкес, “КЕНО” құмар ойыны бойынша 3 дерек тіркелген.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1660647275-5a3c1e886c7b067aae04fd6456119afc-1024x684.jpg

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметкерлерінің күнделікті профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде 12 құмар ойын орны анықталды. Көлеңкелі бизнеспен күресушілер заңсыз ойынның жолын кесу үшін рейдтік шаралар ұйымдастырып, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізуде.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1660647295-6403ce9efba96fc3f29abd252b92d3f1-1024x684.jpg

Еске сала кетейік, ойын мекемесін заңсыз ашу немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыруға, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайларын беруге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы