ПЕДАГОГТІК ӘДЕП МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2  850 көрілім

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің базасында 2022 жылдың 12 тамызында Түркістан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және Педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі кеңестің  ІІІ тоқсандағы кезекті отырысы өтті.

Отырыс Кеңес мүшелері, «Аманат» партиясының  Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреқызы, Түркістан облысының білім саласының «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нышан Байгутов, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардак Садыкова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұрлан Аманбекұлы, «Аймақ» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Орынбек Қасымбековтердің қатысуымен өтті.

Кеңес  төрағасы Ғалымжан Бауыржанұлы күн тәртібі бойынша, құрамға өзгерістер енгізілгені бойынша хабарлама жасап, Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының депутаты, «Балалар  және жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы»  МКҚК-ны директоры Бекарыс Ақсақалұлымен Кеңес мүшелігі толықтырылғанын айтты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың І жартыжылдығының есебі бойынша атқарылған жұмыстар Кеңесте қаралып, тиісті мекемелерге берілген ұсыныстар бойынша қабылданған шешімдер мен шаралар нақтыланды. Кеңес мүшелерімен жаңа оқу жылында «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ-не қарасты бөлімдері мен аудандық білім беру Кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе жұмыстар өткізу туралы ұсыныстар жасалды. Осыған сәйкес,  Кеңес мүшелерімен  «Педагог мәртебесі туралы» ҚР заңының нормалары мен «Педагогтік әдеп» ережелерін бұзудың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша тиісті ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеп, тиісті органдарға жолдау бойынша шешім қабылданды. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы