ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОН СЕГІЗІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

535 көрілім

Бүгін Түркістан қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы болып өтті. Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясын қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров ашып берді.Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясына қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімі аппаратының басшысы,  дербес бөлім басшылары сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде   үш  мәселе қаралды. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №14/76-VIІ «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы №15/83¬-VII  «қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы қаралды. Сонымен қатар, Түркістан қаласының қалыптастырылган «Қоғамдық кеңесінің» құрамын бекіту бойынша мәселелер қаралды.

Сессияның күн тәртібін бекітуді дауысқа салып болғансоң, күн тәртібіндегі бірінші мәселе: Түркістан қалалық мәслихатының 2021жылғы 24 желтоқсандағы №14/76-VIІ «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы  сөз, қала әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Айбек Ақылбекұлына беріледі.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе:Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы №15/83¬-VII «қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы сөз, Қала әкімі аппаратының басшысы Әуелбеков Әділ Арысбайұлына беріледі Күн тәртібіндегі үшінші мәселе: Түркістан қаласының қалыптастырылган «Қоғамдық кеңесінің» құрамын бекіту туралы сөз Түркістан қаласының «Қоғамдық кеңесін» қалыптастыру жөніндегі жұмысшы тобының  басшысы  Г.Малбаеваға беріледі.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы