ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ӨЗ ШЕШІМІН ТАБУДА

456 көрілім

Түркістан облысының жер көлемі 11 млн 609,5 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 4 млн 307 мың гектары – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланатын жерлер. Түркістан облысы бойынша жалпы жайылым жер көлемі – 8 864,7 мың гектар. Облыс бойынша 2022 жылдың басында елді мекендердегі жайылым қажеттілігі 3 119,8 мың гектарды құрайды. Халқы тығыз әрі ауыл шаруа­шы­лы­ғы­на бейім аймақ ретінде жайылым жер жетіспеушілігі жайлы мәселе жиі кө­терілетіні жасырын емес. Осыған орай, пар­тия жанындағы «Жер аманаты» комис­сиясының жұмысы Түркістан облысынан бас­тау алған болатын. Комиссияның негізгі мақ­саты – заңсыз жекеменшікке өткен жә­не пайдаланылмай жатқан жерлерді мем­лекет меншігіне қайтарып, халыққа әділ үлес­тіру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норма референдум арқылы Конституцияда біржолата бекітілді.Жақында «AMANAT» Партиясының Хатшысы, комиссия төрағасы Д.Кәрібек, Парламент Мәжілісінің депутат­тары Е.Сайыров және Ж.Әшімжан, жауапты ми­­нистрлік өкілдері Түркістанда жиын өт­­кізді. Оған облыстық әкімдік және жауап­ты басқарма басшылары, шаруа қожа­лық­тарының иелері қатысып, өңірдегі жайы­лым жер мәселесі қаралған болатын. Кез­десуде Д.Кәрібектің ұсынысымен партия­ның Түркістан облыстық филиалы жаны­нан «Жер аманаты» комиссиясы құрылды. Оның құрамына тек жауапты сала бас­шы­лары ғана емес, құзырлы органдардың өкіл­дері, депутаттар, партия белсенділері жә­не халық атынан пікір білдіру үшін шаруа­лар енді.Комиссия мүшелеріне тұрғындардың ұсыныс-тілегін орындау, мәселелер­дің түйінін шешуге ықпал ету және оңтайлы жолдарын қарастыру міндеті жүктелді. Өйт­кені партияның мобильді және жеке қо­ғамдық қабылдауларында арыз-өтініш­тердің басым бөлігі жер дауына қатысты болып, көп талқылаудан өтті. Комиссияның тағы бір ұтымды жағы – жергілікті ат­қару­шы орган арқылы орындалуы ықтимал мә­селелерді Мәжіліс депутаттары фракция отырысында қарайды. Ол үшін азаматтар нақты ұсыныстарды жолдауы қажет. Сол арқылы өңірлік ерекшеліктер сараланып, Заңның қай тұсына өзгеріс енгізу керектігі анықталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы