ТҮРКІСТАНДА ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

628 көрілім

Облыс орталығында 5-6 тамыз күндері аралығында «Жер жұмағы Жетісайдың – рухани Түркістанға тартуы» атты Жетісай ауданының мәдениет күндері өтті.Атаулы күндерің шымылдығы түрлі шаралардан бастау алды.Олардың ішінде «Жер жұмағы Жетісайдың- рухани Түркістанға тартуы» атты қолөнер, қылқалам шеберлері, кітап, ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесі, 2022 жыл «Балалар жылына» орай «Балалар әдебиеті – алтын қазына» атты кітап көрмесі, «Кітапхана – киелі шаңырақ» жыр –шашуы, «Көңілді күн» флеш-моб іс – шарасы мен «Жетісай – бірлікпен татулықтың мекені!» атты этномәдени орталықтарының ұлттық тағамдарынан жасалған арнайы көрмелер көрсетілімі таныстырылды.

Шара соңы «Алтын Самұрық» алаңында «Балалар жылына» орай Жетісай ауданындағы өнер мектептерінің өнерпаздарының қатысуымен «Түркістан – болашақ балғындардың құтты мекені» атты концерттік бағдарламасымен қортындыланды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы