Түркістан қаласының прокуратурасы әкімшілік заңнаманың қолданылуын талдау барысында кәсіпкерлердің құқықтарын шектеу фактілерін анықтады.
Түркістан облысының полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 896-бабына қайшы әкімшілік айыппұлдарды (арнайы техникалық бақылау-өлшеу және аспаптармен тіркелген құқық бұзушылықтар бойынша) төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды белгіленген мерзімде мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларға жолдамай, ал орындау мерзімі ескіруіне қарамастан, қысқартпастан негізсіз өндірісте болған.
Бұл өз кезегінде, көліктерді мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі тудырған (өндірістегі әкімшілік айыппұлдар салдарынан мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартылады).
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 4848 кәсіпкерге қатысты 103 млн. теңгеге салынған әкімшілік айыппұлдар қысқартылып, құқықтары қорғалды.
Кінәлі тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
4848 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
596 көрілім