ШАҺАРДА АЗАМАТТАРДЫҢ ТАҒДЫРЫНА ҚАТЫСТЫ 3428 ШЕШІМ ПРОКУРОРДЫҢ СҮЗГІСІНЕН ӨТКЕН

391 көрілім

«Киелі шаһардың прокуроры Жаннұр Ахметбек жаңа модельге сәйкес өткен жылдан бастап прокурор іс бойынша адамның құқығы мен бостандығын қозғайтын барлық негізгі процестік ше­шімді келісіп, бекітетінін айтып берді» деп хабарлайды yassy-tur.kz/ сайты.

Түркістан қаласы прокуратурасының қадағалауына жататын қалалық полиция басқармасында тергеу аппараты 35 қызметкерден тұрады. Олардың жұмысын қадағалауды 6 прокурор жүзеге асыра­ды. «Жаңа мо­дельге сәй­кес жұмыс бастал­ға­лы 1 жыл 5 айда поли­ция басқармасы жал­пы 3 428 ше­шім қабылдаса, прокурор­лар оның 178-ін келісуден, яғни бекітуден бас тарт­қан, 3 262-ін бекіткен. Осылайша, азамат­тар­­дың тағдырына қатысты барлық ше­шім­дер прокурор­дың сүзгісінен өтіп, ол негіз­сіз деп тапса, келісілмей, тергеушіге кері қайтарылады. Жалпы, жаңа модель тергеуші мен прокурорды тығыз қа­рым-қатынаста жұ­мыс істеуге ықпал етіп, тер­геудің сапасын да, жеделдігін де арт­тырды. Ең маңызды нәтижесі – адам­дардың конституциялық құқығын бұзу­ға жол берілмеді. Оған дәлел – осы мер­зімде қала прокуратурасы­мен сотқа жібер­ген істер бойынша бірде-бір ақтау үкімі шығарылмаған. Бұл бір жағынан айыптау үрдісі азаюының белгісі», – дейді Жаннұр Асқарбекұлы.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқы­на Жолдауына сәйкес құқық қорғау органдарының қылмыстық қудалау қыз­метін модернизациялау басталған болатын. Яғни азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі құру мақсатында полиция, прокуратура мен сот өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылған қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы