«AMANAT»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ Н.АТАЕВА ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

896 көрілім

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Н.Атаева жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы А.Абдиғаппаров, Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бөлім меңгерушісі Б.Рисмухамедов және Шорнақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Ұ.Темірбаев қатысты.
Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерін жеткізді.


Атап айтар болсақ, Қосмезгіл елді мекенінің тұрғыны Н.Акешов ауыз су мәселесін айтып, қазіргі таңда ауылда ауыз судың жетіспеушілігін, тұрғындар есепсіз пайдаланып отырғандығын айтты. Сондай-ақ өздеріңізге белгілі қазіргі таңда Шорнақ елді мекені мен Қосмезгіл елді мекені арасында жол құрылысы жүріп жатыр, осы орайда айта кетерлік мәселе жол бойында орналасып жатқан аялдамалардың арасы алшақ орналасқан, 2 аялдама түсетін жергі 1 аялдама салынған, осы мәселені шешіп берсеңіз деген ұсыныс айтты.


А.Абдиғаппаров қабылдауға келген Н.Акешовтың мәселесінің қазіргі таңда өзекті екендігін, Қосмезгіл елді мекеніне ауызсу 2011 жылы берілген, бірақ есептегіш құрал орнатылмағанын айтты. Облыстық мәслихатының депутаты Н.Атаева тиісті мекемеге ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аталған елді мекен тұрғындары есептегіш құралды толық орнатылуын қадағалауды тапсырды
Н.Атаева аялдама мәселесі бойынша тиісті мекемеге хат жолдап, сметалық құжатпен танысатындығын жеткізді.


Сонымен қатар жеке қоғамдық қабылдауға келген Шорнақ ауылының тұрғыны Г.Райымова келіп өзінің тұрмысының төмендігін айтып әлеуметтік көмек сұрады. Н.Атаева ауыл тұрғыны Г.Райымованың өтінішін тыңдап, бір реттік азық-түлік пен қамтамасыз етіп, жұмыс ұсынды. Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындары көтерген мәселелерінің тұщымды жауабын алып облыстық мәслихатының депутатына өз алғыстарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы