ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ

404 көрілім

ҚР Бас прокуратурасы азаматтардың қандай жағдайда ата-ана құқығынан айырылатынын түсіндірді.

Ведомство мәліметінше, оған мынадай жағдайлар себеп болуы мүмкін:

– ата-ана міндетін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;

– дəлелді себепсіз өз баласын перзентханадан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан алып кетуден бас тартса;

– өздерінің ата-аналық құқығын теріс пайдаланса (мысалы, баланы оқытуға қасақана кедергі келтірсе, балаларын қайыр сұрауға немесе ұрлыққа баулыса, баланы жезөкшелікпен айналысуға итермелесе, спирттік ішімдік немесе есірткі тұтынуға тартса);

– балаларына қатал қараса, оларға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық көрсетсе, оны жыныстық қылмысқа итермелесе;

– спирттік ішімдік немесе есірткі құралдарын, психотроптық заттарды жəне соның аналогтарын пайдаланса.

Ата-ана өз баласының, жұбайының немесе отбасының басқа мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде ата-ана құқығынан айырылады.

«Ата-ана құқығынан айыру сот тəртібінде, прокурордың жəне қорғаншылық немесе қамқоршылық қызметімен айналысатын мекеменің қатысуымен жүргізіледі» деп мәлім етті Бас прокуратурадан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы