ШАҺАРДЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

543 көрілім

ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың бұйрығымен Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы болып, полиция подполковнигі Бауыржан Дәулетханұлы Жанаев тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға департамент бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов таныстырды. Жиынға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысты.

Бауыржан Жанаев ішкі істер органдарындағы қызметін 2004 жылы тергеу саласынан бастап, ОҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы «Оңтүстік» бөлімінің бастығы, криминалдық полиция басқармаларында абыройлы қызмет атқарған. Сонымен қатар, Сайрам, Мақтаарал, Жетісай, Төлеби аудандық және Түркістан қалалық полиция басқарма, бөлімдерінде басшылық еткен. Соңғы қызметі Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарып келді. Еңбек жолында ҚР ІІМ, Полиция департаменті тарапынан медальдар, грамоталар, «Алғыс хаттармен» марапатталған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы