- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
АМАNAT партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Оңтүстік өңірлік мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау, қадағалау комитетінің төрағасы,Оңтүстік өңірлік арнайы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын бақылау, медециналық қызмет сапасын бақылау және оңалту емдік шараларының сапасын бақылау комитетінің төрағасы, ҚР қамқоршылар, мүгедектер қоғамдастық бірлестігінің төрағасы Жүсипов Дүйсенәли Жұмабекұлы келіп, Сауран ауданы Оранғай елді мекенінде орналасқан 200 орындық облыстық оңалту орталығының құрылысы қашан салынып бітетіндігі жөнінде мәселе көтерген болатын.

Оңтүстік өңірлік мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау, қадағалау комитетінің төрағасы Д.Жүсиповтың көтерген мәселесіне сәйкес, «AМАНАТ» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының уақытша міндетін атқарушы П.Тұрсынбаев, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков және жауапты мамандар құрылыс нысанының сапалы болуын, құрылыстың жұмыс жоспарына сәйкес жүріп жатқандығын бақылау мақсатында, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Облыстық 200 орындық оңалту орталығы «AМАНАТ» партиясы Түркістан облысы Сауран ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында жоспарланған.

Облыстық 200 орындық мүмкіндігі шетеулі азаматтарға арналған оңалту орталығының құрылысына жауапты Шымкент құрылыс ЖШС бас инжинері Ғ.Шаймерденов, телім бастығы Д.Меңдібаев құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды. Құрылыс нысанына тапсырыс беруші мекеме Түркістан облысы «Құрылыс басқармасы». Мердігер мекеме «Шымкент Құрылыс» ЖШС. Техникалық қадағалаушы мекеме «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС. Республикалық бюджет есебінен 2 млрд. 900 млн. теңге қаржы қаралған. Құрылыстың жалпы алаңы: 2,8 га. Құрылыс алаңшасы 5016,41 ш.м құрылыс нысаны 3 қабаттан тұрады, пайдалануға 2023 жылдың желтоқсан айында беріледі деп жоспарлануда екен. Зерделеу барысында AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының міндетін уақытша атқарушы П. Тұрсынбаев құрылыс жұмыстарын сапалы жасауды және кестеге сәйкес аяқтау үшін қосымша бригадаларды жұмысқа тарту керектігін жеткізді.
Ал зерделеуге қатысқан Д. Жүсіпов өз кезегінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өтінішіне құлақ асқан AMANAT партиясының облыстық филиалының басшылығына ерекше ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.