ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

492 көрілім

Түркістан қаласы прокурорының орынбасары Е.Кадировтың төрағалық етуімен полиция қызметкерлері және екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуында интернет-алаяқтық қылмыстардың алдын алу мәселесі бойынша шұғыл жиналыс өтті.
Соңғы кезде елімізде интернет арқылы жасалатын қылмыстар жыл санап ұлғайып келеді және мұндай қылмыстарды ашу оңайға соқпайды. Сондықтан олардың алдын алуға баса назар аудару қажет.
2022 жылдың 6 айында Түркістан қаласында жалпы 181 алаяқтық қылмыс орын алса, оның 42-сі интернеттің көмегімен жасалған.
Жиналыста Түркістан қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімінің бастығы М.Сейділдаев пен криминалдық полиция бөлімі бастығы Т.Бижанов алаяқтық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.
Жиын барысында алаяқтық қылмыстарды анықтау, ашу, тергеу және алдын алу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды, екінші деңгейлі банктер өкілдері прокуратура мен полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, өздерінің ұсыныстарын жеткізіп, пікір алмасты.
Бірқатар маңызды проблемаларды заңнама деңгейінде шешілуге жататындықтан жоғары тұрған органдарға тиісті ұсыныстар жіберу қажеттігі атап өтілді.
Қала тұрғындары мен қонақтарын интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырамыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы