МЕШІТ ЖАНЫНАН ЖАҢА МЕДРЕСЕ АШЫЛДЫ

1  010 көрілім

ҚМДБ Түркістан облысы, Түркістан қаласы тағы бір медресемен толықты. Дәлірек айтсақ, аталған медресе «Тұяқбай ата» мешіті жанынан  ашылды. 60 орынға шақталған діни ағартушылық ордасының ашылу салтанатына облыстың бас имамы Е.Қарақұлов, қаламыздың бас имамы М.Ергешбайұлы және Түркиядан келген жазушы әрі Осман империясының патшасы Абдулхамит ІІ-нің уәзірі Тахсин пашаның рөлін сомдаған танымал актер Бахадыр Енишехирлиоглы және Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Дін істері жөніндегі атташесі Эмруллаһ Үзім бастаған бір топ түрік азаматтары қатысып, сөз сөйледі.

Салтанатты жиын барысында Түркиядан келген қонақтар тарихы, тамыры бір бауырлас мемлекеттердің болашағы мен бүгіні жайлы ой толғаса, қаламыздың бас имамы М.Ергешбайұлы медреседегі білім алушыларға тілек білдіріп, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында ақсақалдар мен мешіт жамағаты ілімге бет бұрған жастарға бата беріп, Құран кітап таратты. Айтулы қуанышқа арнайы келген түрік бауырларымыз да балаларға базарлықтарын ұсынды. Айта кетейік, руханияттың мәйегіне айналатын жаңа медреседе сауат ашу курстары жүргізілмек.

«Тұяқбай ата» мешітінің имамы Бақтияров Айдынның айтуынша, 60 орындық сауат ашу курстары халыққа қызмет атқарса, сұхбаттасу бөлмесі 20 адамға лайықталған.

Салтанатты жиын соңында іс-шараға қатысушылар мен қонақтар мұсылмандық мектептің ашылуына үлес қосқан «Тұяқбай ата» мешітінің жамағатына және демеуші азаматтарға айрықша алғыстарын білдірді.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы