ӘКІМ БЕС АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

794 көрілім

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, әкімдердің тоқсан сайын ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына орай, бес ауылдың тұрғындарымен ашық форматтағы кездесулер өткізіп, елді-мекендердің өзекті жайларын шешудің жолдарын ақылдасты. Жергілікті тұрғындар негізінен егістікке жер алу жайы, ауыз су тапшылығы, электрмен қамту, интернет желісінің баяулығы, асфальт жолдар салу мәселелерін қозғады. Өз кезегінде аудан әкімі тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, өзекті мәселелерді тұрғындармен бірлесе шешудің жолдарын қарастырды.

ШАРУАСЫ ШИРАҚ ШОЛАҚҚОРҒАНДЫҚТАР

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков, Шолаққорған ауыл округі халқымен кездесіп, есептік жиын өткізді. Кездесу барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді атап өтті. Тұрғындар қойған сауалдарға жауап берді. Есептік жиынға қатысқан тұрғындар ойын алаңын салу, көшені жарықтандыру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді игеру, шаруа қожалықтары «Көкбұлақ» суын тиімсіз пайдаланып, егістік жерлерге су жетпей жатқанын көтерді. Сондай-ақ кейбір шаруа қожалықтарында жер дауы туындап отырғанын тілге тиек етті. Шолаққорған ауылындағы тазалық мәселесі де сөз болды.

Аудан әкімі тиісті бөлім, мекеме басшыларымен бірге сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ орындалуы тиіс мәселелерді бақылауына алып, жұмыс жүргізу үшін бөлімдерге тапсырма берді.

«Сіздер көтерген су тапшылығы бүгінгі таңда өзекті. Жаңбырлатып, тамшылатып суғару әдісін меңгерген аудан шаруалары мол өнім алып жатыр. Шаруаларға семинар да өткіздік. Егістікпен айналысып жатқан шаруалар осы әдіске көшкені орынды»,- деген Мұхит Сексенбайұлы тұрғындар көтерген мәселе бойынша ашық әңгімелесу арқылы ортақ шешім шығаруға болатындығына тоқталды. Әкімдік есігі кез- келген азаматқа ашық екендігін жеткізді. Туындаған сұрақтарды бірге отырып талқылайтынын айтты.

Есептік жиынға, аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев, аудан прокуроры Ержан Қожабеков, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ ТАУКЕНТТІКТЕР

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент тұрғындары аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды тыңдап, алдағы жоспарлардан хабардар болды. Тұрғындар тарапынан, көше жарығы мен жол төсеу мәселесі сөз етілді. Сонымен қатар электр жарығы да өзекті екеніне тоқталды. Өндіріс орындарына жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу мәселесін көтерді. Жергілікті тұрғындар көтерген мәселенің орынды екеніне тоқталған Мұхит Сексенбайұлы, бюджет мүмкіндігіне қарай, кезең- кезеңімен шешілетінін атап өтті. Жиын соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, арыз шағымдарын тыңдады. Оны шешу жолдарын тиісті мекеме басшыларымен ақылдасты.

ҚҰМКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Биылдан бастап әкімдердің тұрғындармен кездесу мерзімдері мен өткізілу форматы өзгертілген болатын. Соған орай аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім ордасының ауласында өткен кездесуде, аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары интернет желісінің нашарлығына тоқталып, оны шешуді ұсынды. Мұхтар Әуезов атындағы білім ордасына шеберхана салынып берілсе деген талаптарын жеткізді. Аудан басшысы білім ордасының шеберханасын салу үшін сметалық жобалау құжаты облыстық басқармаға ұсынылғандығын жеткізді. Интернет желісі үшін ұялы операторларға хат жолданғанына да тоқталды.

Кездесу белгіленген кестеге сай Құмкент ауыл округінде жалғасты. Ауыл тұрғындары тарапынан электр бағаналарының нашарлығы, электр қуатының төмендігі айтылды. Сондай-ақ жайылымдық жер, ауыз су мәселесі мен жарықтандыру мәселесі туралы сауалдарын қойды. Аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы тұрғындар қойған сауалға жауап беріп, тиісті бөлім, мекеме басшыларына және ауыл әкіміне тапсырма берді. «Өзіміздің тарапымыздан шешілетін мәселені аяғына дейін жеткіземіз. Басқа да ұсыныстарыңызды тиісті жерде көтереміз», – деді аудан басшысы.

ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫ МЕН АҚҚОЛТЫҚТАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін», – деп тапсырған болатын.

Соған орай аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков белгіленген кестеге сай Жартытөбе ауыл округінде болып, тұрғындармен кездесті. Аққолтық елді мекенінде болып, спорт алаңында ондағы халықтың талап тілектерін тыңдады. Мұхит Сексенбайұлы еліміздегі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, аудан көлеміндегі жоспарларымен бөлісті. Тұрғындар сауалына жауап берді.

Аққолтық елді мекенінің тұрғындары пайдаланылмай жатқан жайылымдық жер мәселесін көтерді. Сондай-ақ интернет жылдамдығы да сөз болды. Мұнан бөлек, электр жарығының төмендігін де маңызды мәселе екенін жеткізді. Аққолтық елді мекенінде бір көшеге асфальт, бір көшеге тас төселіп, биылғы жылы мәдениет үйінің құрылысы аяқталатынын айтқан аудан басшысы, көпшілік ұсыныстардың назарға алынғанына тоқталып, тиісті бөлімдерге тапсырма берді.

Жартытөбе ауылы округіндегі кездесу барысы мәдениет үйінің ауласында өтті. Тұрғындарға атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков, олардың сауалдарына жауап берді. Иесіз ит мысықты аулау мәселесін қолға алуды сұраған ауыл белсенділері электр жарығы төмендігін айтты. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жер алу мәселесін көтерді. Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында аудан басшысы ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жер алуда ешқандай мәселе болмайды деп нақты жауап берді. Тұрғындар ауылдық аурухананы жөндеу жұмысын көтерген болатын. Аудан әкімі алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Кездесу соңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы