«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба” аясында көрсетілетін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға шақырамыз! “ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ” арқылы ЖОО және колледждерді бітіруші түлектерді және диплом алғанына 3 жыл толмаған 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарды өз мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру.
Мемлекет тарапынан 30 АЕК мөлшерінде жалақы төленеді.12 ай жұмыс атқарып өзіңізге қажетті жұмыс тәжірибесін жинақтай аласыз.”АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ” бағдарламасына еңбек өтілі жоқ, зейнетақы қорына төлем жарнасы мүлдем жүргізілмеген, 29 жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамту. (диплом маңызды емес)
18 ай жұмыс атқара аласыз.30 АЕК мөлшерінде жалақы субсидиялауды мемлекет өз мойнына алады.”КҮМІС ЖАС” жобасы арқылы зейнеталды жастағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру.Аталған бағдарламаға 1 жылдан астам жұмыссыздық кезеңі бар зейнеткерлік жас алдындағы жұмыссыз азаматтар қатыса алады.12 ай бойы жұмыспен қамтыла аласыз.30 АЕК көлемінде жалақы төлеуді мемлекет өз мойнына алады.