ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

419 көрілім

Түркістан қалалық мәслихат депутаты Жүсіпбаев Нұрсұлтан Үмбетұлының кезекті қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауға 4 азаматша келді. Аметова Гүльнара Орынбасаровна есімді азамтша денсаулығы жок,микроинсульт алған. Жалдамалы пәтерде тұрады. Азаматшаның денсаулығы жоқ, қазіргі уақытта медициналық әлеуметтік сақтандыруды төлей алмағандықтан емханаға жатуға жолдама аламай жүргенін айтып көмек сұрады.

Нұрсұлтан Үмбетұлы азаматшаның өтінішін ескеріп, Түркістан Қалалық емханасының дәрігері Кенжегулов Жандосқа хабарласып, өтініш иесінің мәселесін оңтайлы шешілуіне ықпал жасауын сұрады. Балтабаева Әйгерім есімді азаматша мейірбике мамандығын бітірген, қазіргі уақытта жұмысқа орналаса алмай жүргенін жеткізді. Нұрсұлтан Үмбетұлы азаматшаның өтініш бойынша “Маржан тіс” емханасының бас дәрігеріне хабарласып, мамандығы бойынша жұмысқа қабылдауын сұрады.

Нұрлыбекова Ұлболсын есімді азаматша көп балалы ана, 2 топ мүгедегі, денсаулығына байланысты жүре алмайтынын айтып, мүмкіндік болса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба алуға көмек көрсетуін сұрады. Нұрсұлтан Үмбетұлы өтініш иесінің жағдайын ескере келе, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбамен қамтамасыз етті.

Әбдіхалық Әлия есімді азаматша күйеуінің 2 топ мүгедегі,әлеуметтік жағдайы нашар. Мейірбике мамандығын бітірген, жұмысқа орналасуға көмек көрсетуін сұрады. Нұрсұлтан Үмбетұлы почтасына түйіндемесін жіберуін сұрап, көмек беретіндігін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы