БІЗ БІЛЕТІН ТҰРЕКЕҢ

485 көрілім

Жоғары оқу орнының филология факультетін бітіріп, 1967 жылы алғашқы еңбек жолым сол кездегі «Қызыл Түркістан» (қазіргі атауы Түркістан) газеті редакциясында әдеби қызметкер болып басталған еді.

Тұрабай Мырзахметов газеттің редакторы екен. Ол кезде жұртты бағалау, сараптау жастарда бола бермейтін. Енді есімді жисам, көкеміз өте принципті, бірақ әділ екен. Енді, сол кезде газет редакциясында қызмет істеген Жұмабек Мәмбетаев (жауапты хатшы), Мәмәділі Әшірбаев (редактор орынбасары), Әмидулла Көпбаев (бөлім меңгерушісі), Исатай Дүйсенбаев – ақын, Әбеке Тәлібаев, Қазақбай деген, Амангелді Досжанов ақын, әдеби қызметкерлерді де атап өткенім жөн шығар деп ойладым.

Апта қорытындысында ірі бастылармен жиналыс өткізгенде, Тұрекеңнің шақылдап, жұмыстарымызды сынап, жатқанын естіп қаламыз. Бірақ, біз сияқтыларға қабағы ашық. Қызықты бір оқиға да есімде. Тұрекең түстен кейін бәріміз отыратын бөлмеге келіп, – «Әй Әбеке, «Победа» колхозынан дайындаған мақалаға қол қойып бердім. Звеноводтың атынан дайындаған екенсің. Енді біліп отырмын, ол звеновод жақында қайтыс болып, кетіпті ғой. Тез, қатеңді түзе деді де», – шығып кетті.

– Әй, Әбеке, Әбеке, блокнотыңдағы мәліметтеріңді тексеріп, тұрсаңызшы деп, қыран күлкі болды. Сондағы шындық Әбекең барлық колхоз, совхоздардың, еңбек озаттарының үй мекен-жайын, телефондарын блокнотына жазып алады да, кейде ол жаққа бармай-ақ, ол кісінің атынан, кейде ол туралы жариялай береді, – екен.

Бұл газетте кезінде талантты ақындар Қаныбек Сарыбаев, Исатай Дүйсенбаев, Амангелді Досжановтар еңбек еткен. Ол кезде газет өзіміздегі баспаханадан шығады. Мектепте оқып жүрген кезімде жазғы демалыста баспаханаға печатниктің көмекшісі болып істедім. Ол кезде қорғасын әріпті апалар қолмен тереді. Таңғы сағат 5-терде ғана қайтамыз. Газетті енді шығарайын деп жатқанда бір-екі рет Тұрекең келіп қалады.

– «Райкомнан тапсырма тез «мынадай, мынадай» ҚазТАГ материалын қосу керек», – дейді. Ол кезде бір-ақ партия. Айтқанын істемесең жұмыстан қуыласың. Тұрекең аудан көлемінде өте беделді болды. Соңғы жылдары райкомның бюро мүшесі болудан артық абырой болмайтын. Бұл кісі құрметті зейнеткерлікке шыққан соң да байланысымыз үзілмеді. Сол кездерде қаладағы Саттар Ерубаев музейінде қызметте едім. Қарапайым Тұрекең бізге жиі келіп тұрды. Құрметтеп, қошеметтеп, автобус аялдамасына шығарып саламын… Біз білетін Тұрекең осындай азамат еді.

Нұрмахан НАЗАРОВ, Халықаралық психология ғылымдары академиясының (Ресей) Құрметті академигі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, түркістантанушы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы