ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ЖИЫН ӨТТІ

258 көрілім


Түркістанда конгресс-холл ғимаратында Қазақстан Полициясының 30 жылдығы мерекесіне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Полиция күні» аталып өтті. Жиынға отставкадағы полиция генерал-майоры Асқар Оспанов, ішкі істер органының ардагерлері, облыс әкімдігінің басшылығы мен жеке құрам қатысты.

Шара Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлерінің қызметі мен ерлігі көрсетілген мерекелік бейнероликпен бастау алып, ҚР Мемлекеттік туы құрметпен сахнаға шығарылды. Әнұран шырқалып, жиынға қатысушылар ПД-де қызмет етіп, жұмыс барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына бас иіп, тағзым етті.


«Құрметті ішкі істер органдарының ардагерлері! Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, арамызда ақыл кеңестеріңізді аямай, қоғамның дамуына және жас мамандардың жұмысына үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Арамызда аман есен жүріңіздер, күш қуаттарыңыз сарқылмасын. Еліміздің қорғандары, еңбектеріңіз ел алдында елене берсін. Қызметте сәттілік пен абырой тілеймін. Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз әрқашан жемісті де табысты болғай. Халық пен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімінен шығу үшін, бар күш жігерімізді салайық. Осы тұста, жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетпек ниеттеміз. Марапаттарыңыз құтты болсын!», деді ТО ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов.


Іс-шарада ҚР ІІМ-нен арнайы келген 37 түрлі санаттағы марапаттар, 30 жылдық төсбелгілер өз иелеріне салтанатты түрде табыс етілді. Сонымен қатар, Түркістан облысы ПД басшылығы тарапынан департамент бастығының бұйрығымен өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек етіп, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге 40 грамота, 56 алғыс хат, 20 алғыс жарияланып, табысталды.

Жиын соңында елімізге танымал эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы, Еркін Нұржанов, Заттыбек Көпбосынұлы және түркістандық өнер майталмандары ән шашу шашып, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары