РЕФЕРЕНДУМҒА АТСАЛЫСҚАН БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

235 көрілім

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы референдумды халық арасында түсіндіру жұмыстарын үйлестіру үшін облыстық, аудандық және қалалық деңгейде 18 штаб құрған болатын. Оның құрамына 475 адам еніп, халықпен кездесу және түсіндіру жұмыстарына белсене атсалысты.

Бүгін облыстық партия филиалының мәжіліс залында салтанатты жиын өтіп, бір топ штаб мүшелері мен ақпараттық-насихат жұмыстарына атсалысқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды. Оларға ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың, «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Қошановтың, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы А.Ораловтың алғыс хаттары табысталды.

“Референдумда дауыс беру бойынша Түркістан облысы 1-орыннан көрінді. Бұл баршамыздың ортақ жетістігіміз. Бір белсенділеріміз кездесулерді ұйымдастыруға араласса, бірі тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. БАҚ өкілдері сәт сайын жаңалықтармен ақпараттандырып отырды. Сондықтан, жұмыла кіріскен жұмыс жоғары нәтижеге жетеледі. Ел Президенті ұсынған реформалар халықтың талап-тілегінен туындаған соң, тұрғындар да оң қабылдап, өзгерістерге ынта-ықыласпен дауыс берді. Референдум – “Жаңа Қазақстанның” алғышарты болды. Реформалардың сәтті жүруіне үлес қосқан азаматтарды бүгін марапаттауды жөн көрдік. Бірлігіміз жарасып, елдігіміз биік болсын”- деді облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев марапат иелерін құттықтап.

Аймақтық партия филиалында бастау алған марапаттау рәсімі 17 аумақтық филиалда жалғасып, аудандық және қалалық штаб мүшелеріне табысталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары