МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

509 көрілім

         Бүгін Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде медицина қызметкерлері күніне орай мерекелік кеш өтті.

         Аталған жиынға қала әкімі Н.Тұрашбеков пен қаламыздың құрметті азаматтары қатысты.

Салтанатты жиын барысында шаһар басшысы «адам жанының арашашысы» атанған ақ халаттыларды мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Медицина қызметкерлеріне ыстық ықыласын білдіре келе Н.Тұрашбеков қызметіне адал, жұртқа жанашыр жандардың пандемия кезінде көрсеткен көмегі ерлікке пара-пар екенін атап өтті.

Сондай-ақ, қажырлы еңбегі мен білім-білігін жылдар бойы халыққа қызмет атқаруға жұмсаған  аға буын, ардагер дәрігерлерге де құрмет көрсетілді.

Іс-шара барысында абзал жандарға арнап өнерпаздар әннен шашу шашты. Бас ауырып, балтыр сыздаса алдыңғы шепте қызмет ететін жандарға жиылған қауымның да ілтипаты ерекше болды.

Адамзаттың амандығын ойлайтын медицина саласының мамандарын  айтулы мерекемен құттықтаймыз!

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы