“ТОМИРИС-ТҰРАН” ӘЛЕМДІК БӘСЕКЕДЕ БАҚ СЫНАЙДЫ

713 көрілім


2021 жылғы футболдан әйелдер арасындағы ҚР чемпионатының нәтижесінде отандық екі клуб УЕФА «Чемпиондар лигасында» бақ сынайды. Осыған орай, ҚФФ 2022/23 жылғы маусымға арналған әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының күнтізбесін жариялады.

Еуропаның ең үздік турнирінде ел намысын қорғайтын ұжымдардың бірі былтырғы жылғы ел чемпионатының күміс жүлдегерлері – түркістандық «Томирис-Тұран» болмақ. Аталған клуб өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыстық футбол федерациясының президенті Хаким Көшқалиевтің бастамасымен құрылған болатын.

«Томирис-Тұран» Ел біріншілігінде шымкенттік «Биік» командасынан кейін 2-орынға жайғасқан «Томирис-Тұран» 20 ойын қорытындысы бойынша 42 ұпаймен маусымды қорытындылаған болатын. Тартысқа толы матчтарда түркістандық клуб жүзге жуық гол салып, 14 кездесуде қарсыластан басым түскен.

Естеріңізге сала кетейік, футболсүйер қауым асыға күтетін әйелдер арасындағы УЕФА «Чемпиондар лигасы» 2021 жылдан бастап жаңа формат бойынша өтуде. Дәлірек айтсақ, кәрі құрлықтың үздік клубтары «Чемпиондар жолы» және «Лига жолы» атты топтарға бөлініп, бірінші айналымда бақ сынаспақ.

Егер қазақстандық екі клуб алғашқы турдан сәтті өтсе, жұптық бәсекеге жолдама алатын болады. Жұптық жарыста клубтар өз алаңында және қонақта ойын өткізеді. Әлемдік деңгейдегі доп додасында өнер көрсететін аяқдопшы аруларымыз жаңа маусымда да жарқын жеңістермен қуантатынына сенім мол.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы